Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы
Орта Азиядағы көрнекті өкілі ретінде Қожа Ахмет Яссауи бабамызды айтуға болады. Ол халықтың ділінде аса ұлы діни қайраткер ретінде осы уақытқа дейін сақталған. Негізгі осы уақытқа шейін жеткен еңбегі – «Диуани Хикмет». Бұл еңбекті негізінен алғанда адамның рухани даму жолын жарқыратып, көрсетіп тұратын шамшырақ ретінде қарауға болады. Яссауи философиясында қойылған негізгі мәселе – ол адам болмысы, ал оның өзінің екі жағы бар. Біріншіден адам – дене, оның қажеттіліктері өтелмей өмір сүруі мүмкін емес; екіншіден, адам – рух, ол – оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы ерекшеліктері, аса баға жетпес қасиеттері. Бұл арада Яссауи үзілді-кесілді адамның терең мәнін оның рухани құндылығынан іздейді. Бұл көзқарас 20 ғ. Өмір сүрген неміс ойшылы К.Ясперстің «нағыз адамның өмір сүру ахуалы – рухани ахуал» деген сөзімен үндеседі. Яссауи қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю,руханияттыжоғары ұстау, қанағаттыққа келу мәселелері бүгінгі жер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда. Яссауи бабамыздың даналығы – қоғамдағы күйзелістен шығу жолдарын қайсібір зорлық-зомбылықтан, қантөгіс, төңкерістен іздемеуі керек. Ол Сократтың «өзіңді тани біл», Будданың «ең ұлы жеңіс – адамның өзін-өзі білуі»деген қағидаларға жақын. Яссауидың қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю, руханиятты жоғары ұстау, қанағатқа келу мәселелері бүгінгі жер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда. Әрине арада сан ғасырлар өтті, өндіргіш күштер ол заманда түске де кірмейтін ғажап биіктерге көтерілді, бірақ сонымен қатарқоғамның рухани-адамгершілік саласы да сондай биіктерге замғады деп айта алмаймыз. Әрине бұл салада бір орында қалған жоқ, онда да алға жылжушылық байқалады, бірақ оның даму қарқыны материалдық саламен салыстырғанда анағұрлым төмен болуда.
Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік күйзелістен шығу жолында іске жаратуға болатындығына біз кәміл сенеміз.