Әл-Фараби шығармашылығы
Түрік дүниетанымы және оның негізгі даму кезеңдері (Қорқыт ата, А. Яссауи, Әл- Фараби).
Әл-Фараби Қазақстан жерінде, Отырар қаласында 870-950жж. дүниеге келген. Жас кезінде білім іздеп, Таяу Шығыста Бағдат пен Алеппо қаласында білім алып, араб, грек тілдерін меңгеріп, антикалық философияны зерттейді. Ә-Ф-ді толығымен араб философы деп бағалауға болады, өйткені ол араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар оны қазақ халқының философы деп те атауға болады. Өйткені ол біздің елде дүниеге келіп, сонынан қазақ халқын құраған көп тайпаларлың бірінен шыққан. Бірақ ең жаөсысы – оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді. Ә-Ф-дің еңбектері көп. Солардың ішінен «Ғылымдарды іріктеу жөнінде», «Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарасы жөнінде», «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жөнінде» деген еңбектерін атап өтуге болады.
«Бірінші мән» - белсенді нақыл, ол өзі тудырған Дүниеде 4 негізгі интеллект тудырады. Олар потенциалды, актуальді, игерілген жіне іс-әрекеттік ақыл. «Бірінші мән» - ол Халиф, Имам. Ол өзінің жан-дүниесі, ақыл-ойы, рухымен өзін қоршаған уәзірлерге, олар өздерінен төмен басшыларға т.с.с. ықпалын тигізіп ең соңында ол қарапайым халыққа жетеді.
Қоғамның қажеттігін әл-Фараби адамның жалғыз өзі өзіне керектерінің бәрін жасай алмайтындығынан, екінші жағынан, басқаларсыз өзін жетілдіре алмайтындығынан шығарады. Сондықтан адамдар бірігіп, өзара бір-біріне көмектесіп, қажетті заттармен бөлісіп өмір сүрген. Әсіресе, мен назарды Ә-Ф мына ойына аударғым келеді. «ұлы игілік», ең биік жетістіктерге ең алдымен қала жетеді, ал ауыл тек қаланың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Ә-ф өмірден кеткеніне 1000 жылдан артық уақыт өтсе де, қазақ халқына бұл ой осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып отыр. Бүгінгі өте қиын дағдарысты ахуалды қазақ халқы аянышты ауыр жағдайда урбанизация процесіне қатысып, өзінің мүдделері үшін тиімді күресе алады. Ол қааланы екіге бөлді: 1.Игілікке бағытталған (олар бір-біріне көмектесіп, бақытқа жетуге тырысады)2. Надандар қаласы.(адамгершілігі жоқ, айырбастау қаласы, адасқан қала)
Қоғам өмірінің дамуы ә-ф ойынша ел басқарып отырған адам қасиеттерімен байланысты болғаннан кейін, ойшыл оның қандай болу керектігіне аса зор назар аударған. Олар: даналық, білімділік, тапқыр, аңғарғыш, сөзі мен денсаулығы мықты болуы керек, бірақ біоінші орында даналық дейді ол.
Бұл ойларды 1000 жыл бұрын айтса да өзінің мәнділігін жоймаған.