Қытай философиясының негізгі ағымдары

Конфуций ілімі және даосизм. Қытай философиясының негізгі ағымдары. Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасыдан тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысы - ван алдында әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді. Мысалы, тірілердін өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда түрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б