Үнді философиясы туралы
Үнді философиясында идеалистік көзқарастармен қатар материалистік көзқаратар да бар. Натурфилософиялық көзқарасқа келетін болсақ, олар дүниені 5тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар:-жер, су,от, ауа,кеңістік.(осы дүниеде бес тұрақты қосылған,оған джива неге керек) «егер бес тұрақтының бірі болмаса, онда ол қосылады да жоқ.Бірақ дживаны ешкім көрген жоқ», деген материалистік көзқарастарды кездестіреміз.
Үнді философиясында дүниенің негізі екі бастамадан-пракрити (материя) және пурушадан (жан) шығармақ болған ағымды да кездестіруге болады. «Білгің келсе пракрити мен пуруша,-екеуінің де бастауы жоқ:біл, сананың өзгеруі пракритиден шығады.себеп пен іс-әрекеттің қайнар көзі-пракритиде. Пуруша пракритидің тудырған гундарынан ләззат алады» дейді.
Бүгінгі қоғамның интелектуалыдқ топтарына кейбір адамдардың үнді дініндегі секталарға қызыға қарауы, соған кейде мүшелікке кіруі-ол,әрине, бүгінгі таңдағы елдегі рухани дағдарыспен байланысты. Сонымен қатар, үнді халқының бейбіт рухы, адамның бұл өмірде орын табу жөніндегі толғанысы өзіне баурамай қоймайды.