Көне Үнді философиясының негізгі бағыттары

Көне Үнді философиясының негізгі бағыттары:веданта, джайнизм, буддизм.
Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар ел.Үнді елінің ғажап ерекшелігі-оның әлеуметтік ұйымдастырылуында.Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардын тұрды.Оны-варна, я болмаса каста дейді.Үнді қоғамында 4 каста тарихы пайда болды.Олар:Брахмандар айналысатын істері-ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар.Кшатрилер - айналыса тын імтері-жауынгерлік істер.Вайшъилер (сарылар)-еңбек ететін адамдар,егін егу, мал бағу, қолөнер т.б.Шудралар(қаралар)-ең ауыр,кір жұмыстарымен айналысатындар.Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар.Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып өскен каста болғаннан кейін,индустар қоғамның саясм өміріне, билікке онша көп мән бермеген.Үнді халқының тағы бір ерекшелігі-оның өте бай мифологиясында.Үнді аңыздарында 3 мыңнан астам құдай кейіптері суреттелген.Олар да адам сияқты сүйсінеді,күйінеді,соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар:Ригведа,Упанишада,Махабхарата,Бхагавахгита т.с.с.Үнді космогониясына келер болсақ, онда ол Пуруша-ғарыш адамымен байланыстырылады.Құдайлар оны құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл дүние пайда болады.Үнді мифорлогиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді.