Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз не?

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән мағынасы туралы көзқарастардың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрсатыратын негіз білім. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. Ал тарихи тұрғыдан ағанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілуі дәрежесіне байланысты дүниетанымның, дүниеге көзқарастың: мифологиялық, діни, натурфилософиялық, философиялық, ғылыми түрлері қалыптасты.Адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан мифологиялық дүниетанымына тән нәрсе адам қошаған ортадан өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықтығана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу.Діни негіздегі дүниетаным мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз ба,ынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді. Натурфилософиялық дүниетанымда жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжыырмдар да аз емес. Әйтсе де XVIII-XIXғ бұл дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. Сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек, дейді Энегльс, ол өз заманындағы жаратылыстану ғылыми білімдердің таяздығын қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ.Ал философиялық ой толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңде экономика мен сауда саттық, саяси құрылым мен мәдениет ошақтары ірі ірі қалаларда шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті. Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі.
Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді