Қарым-қатынастың функциялары

Қарым-қатынастың функциялары. Өзiнiң мiндетi бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Қарым-қатынастың 5 негiзгi функциясын бөлiп көрсетуге болады.
1. Прогматикалық функция – адамдардың бiрiккен iс-әрекетi процесiнде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы – бұл адамдық тұлға ретiнде дамуы және қалыптасу процесiнде танылады. Шындығында үлкен мен қарым-қатынас жасамай болмайды.
3. Растау функциясы – бiз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзiмiздiң қандай екенiмiздi танып түсiнiп растай аламыз. Өз құндылығыңды мойындалатынына көз жеткiзу үшiн адам өзге адамдардың қолдауын iздегенде осы функция көрiнедi. Ульям Джеймс өзi адам үшiн қоғамда өзiмен өзi қалдырылып мүлде ескерусiз қалғанан артық жаза жоқ дейдi. Мұны психология тұрғысынан растамау деп атаймыз. Қарапайым сенiкi дұрыс емес немесе сен жамансың деген сөздермен бiлiнетiн және растаудың белгiлi бiр бөлiгi бар жоққа шығарумен салыстыруда яғни растамау деп аталады.
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциялары. Кез-келген адамдардың қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгiлi бiр жақсы немесе жаман эмоцияналды қатынастарды орнатумен, байланысты тiптi адамдардың өзiмен әртүрлi жағыдайда қатынс жасауға болады.
5. Тұлғаның iшiндегi қарым-қатынас формасы. – бұл маңыздылардың бiрi. Өз-өзiмен жүргiзiлген диалогтың негiзiнде бiз белгiлi бiр шешiмдер қабылдап маңызды әрекеттерге барамыз. Мұндай iшкi қарым-қатынасты адам ойлауының әртүрлi тәсiлi ретiнде қарастыруға болады.