Ойлаудың психологиялық теориясы

Ойлаудың психологиялық теориясы
Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.  Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі. Ойлаудың физиологиялық негіздері Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау – ми қыртысындағы күрделі формадағы анализдік – синтездіке қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады. Шығу тегі мен пайда болуына қарай ойлау: 1.Көрнекті-әрекеттік ойлау – мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. 2.Көрнекі-бейнелік ойлау – жағдаят тек бейнее жоспарында ғана түрленетін о түрі. 3.Сөздік-логикалық о – тілдің және тілдіік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталады. ой қорытындылары- бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Оның негізгі 3 түрі бар: 1)дедукциялық, 2)индукциялық 3)аналогиялық. Дедукция дегеніміз-жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Ал индукция-жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогиялық – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Ойлау-түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық  элементтері біріктіріледі. Ойлау операциясының күрделі түрі-абстракция және жалпылау.  Шындықты заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейміз. Абстракциянің мынадай түрлері бар: 1) Шеттеуші абстракция – белгілі бір тұтастылықтан құбылысты бөліп алу. 2) Жалпылаушы абстракция – құбылыстардың жалпыланған сипатын беру. 3) Идеализация – шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру. Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау – абст-лық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру,яғни жеке  заттар мен нәрселер туралы ой. Жалпылау дегеніміз – бір текті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Ойладың қасиеттері: о-ң сындылығы, асығыстығы, тездігі, дербестігі, икемділігі, тереңдігі, кеңдігі.