Холерик,сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама

Холерик,сангвиник, меланхолик,флегматик типтеріне сипаттама
Психологияда темпераментті деп адамның психикалық процестерінің динамикасын анықтайтын қасиетті айтады. Темпераменттің табиғатын И.П.Павлов зерттеген. Оның ілімі бойынша жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері - қозу мен тежелудің жүру күші, олардың алмасуы, динамикасы.Темперамент олардың тек қана біреуіне тәуелді болмайды, олардың үйлесімділігіне тәуелді. Бұл үйлесімділікті И.П.Павлов жүйке қызметтерінің түрлері деп атаған. Неміс ғалымы И.Кантттын сыныптастыруы бойынша темперамент төрт типке бөлінген. Кант берген типологияны Павловтың сипаттамаларымен толықтырып, қазіргі кездегі психологияда Бұл темперамент өкілдерінің ең кең қолданылыатын сыныптастыру негізінде темперамент типтері холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик деп бөледі.