Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы
Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының, байланыс қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сөз—адам ішкі дүниесінде болып жатқан түрлі құбылыстарды жеткізу құралы болып табылады.Біз сол сөздер қосындысы арқылы басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе аламыз. Сөйлеу деп пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп олардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы денені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал болып табылады. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте афналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.