ШАРТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ БІЛДІРЕТІН ЖАЛҒАУЛЫҚСЫЗ САЛАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
ШАРТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ БІЛДІРЕТІН ЖАЛҒАУЛЫҚСЫЗ САЛАЛАС СӨЙЛЕМДЕР.
Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі.
Мағыналық көрінісі жағынан бұл түрдің жалғаулықты шартты салаластан еш айырмашылығы жоқ. Тек мұнда компоненттер арасында еш жалғаулық қолданылмайды: Әділетке қолым бір жетсінші, Түктібаевтармен сонда сөйлесермін(Қ.Жұмаділов).
Шартты салаластың жалғаулықсыз түрінде де алғашқы компонент баяндауыштары да,жоғарыдағыдай,көбінесе етістіктің бұйрық райтүрінде келіп отырады.Мысалы:Осы жолмен жүре бер, алдыңнан бұлақ кездесер.Осыдан қолыма түссінші,буындырып өлтірем. Совхоз малшыларын аралап көрші,алдымен сонда барып көзіміз жетер бәріне. Сол атағы шыққан «батырыңды»көзіме бір көрсетші,жүнін жұлған тауықтай қылайын.Мұнда алғашқы компоненттің мазмұн желісі кейде ант есебінде келеді:Мені осы жерге тастап кетпеймін деп ант берші, ағаң мен оның балалары туралы құпия сырды айтыпберейін. Сондай-ақ осы тәріздес сөйлемдерде шарттылық мән олардың құрамында мүшелік қатынаста келген сөздердің жұмсалуы арқылы да беріледі:Сол су денемеқалай тиді,солай мен адамдық қалпыма келдім. Қай жерде маңыздыоқиғалар болсыншы, мен сонда командировкаға барамын.