ШАРТТЫ РАЙ ФОРМАСЫ, САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
ШАРТТЫ РАЙ ФОРМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР,МАҒЫНАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ.
Етістіктің шартты рай тұлғасы да сабақтас құрмалас сөйлемді жасауға кеңінен қолданады.Осыған орай бұл жолмен тілімізде бағыныңқының алуан түрі жасалып отырады.Бұл қызметте шартты рай тұлғалы сөз,көсемше тәріздес ,өзінен кейін ешбір дәнекерді қажет етпей екі жай сөйлемді құрмаластыруға қатыса береді.Осы форма арқылы байланысқан сөйлемде бағыныңқының бастауышы мен баяндауышы өзара жақ жалғауы арқылы қиыса байланысады.Шартты рай тұлғасы арқылы жасалған шартты бағыныңқы сөйлемнің әдеби тілімізде кеңінен қолданылуы оның ертеден келе жатқан көне тұлға болуымен тығыз байланысып жатады.Бұрынғы жазба ескерткіштерде бұл тұлға -сар,-сер түрімен берілген.Сондай-ақ шартты рай тұлғалы баяндауыш ол кездерде мағыналық жақтан айқын сараланбай,көбінесе шарт,мезгіл мәндерінде жұмсалып отырған.Шартты рай тұлғалы сөйлемдердің осылайша қолданысы кейде бүгінгі әдеби тілімізде де кездесіп қалады.Шартты рай тұлғасында етістік кейде болымсыз түрде жұмсалады.Мұндайда сөйлемдегі шарт мағынасы айқын сезіліп,басқа қосымша мәндері кейін ығысады.Мысалы:Жаңа туған қозы дұрыс дем ала алмаса,аузын ашып үрлеу керек.Кейде шартты бағыныңқы сөйлемнің құрамында егер жалғаулығы қосыла айтылады.Мұндайда да шарт мағынасы бұрынғыдан да саралана,айқындала түседі.Мысалы:Егер жүк тасушы кідірсе,рельс салынбайды,шеге қағылмайды.Бірақ осы тәріздес сөйлемдерді егер жалғауынсыз да айтуға болады.Шартты рай арқылы қарсылықты сабақтас сөйлемде жасалады.Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің шартты рай тұлғасымен беріледі.Мысалы:Кулак үгіті надандықты қоздырып жатса,ол жақ ашпайды.Шартты рай тұлғасы да дәнекерлігімен қосылып айтылады.Мысалы:Раушан олай ойламаса да,Бәкен солай ойлады.Осы да дәнекерлігі кейде дағы формасында кездеседі. Шартты рай тұлғасы арқылы мезгіл бағыныңқы сөйлемді жасауға кеңінен қатынасады:Шоқан келсе, ойын сауық басталып кетіпті.