САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР. СЕБЕПТІК ҚАТЫНАС

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СЕБЕПТІК ҚАТЫНАСТЫ БІЛДІРЕТІН ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ.
Себептік салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар, олардың түр-түрлерінің жұмсалу ерекшеліктері. Себептік қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемдер: себептес салалас сөйлем, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде бағыныңқы компонент басыңқыда оның салдары келіп шығады. Осыдан келіп себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің өзі себеп пен салдардың тығыз қарым-қатынасы негізінде туындайтын болады. Мұндай көрініс мына тәріздес сөйлемдердің құрылысынан анық байқалады: қаламыз курорт болғандықтан, онда өнеркәсіп орындары жоққа тән. Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем синтетикалық ж/е аналитика-синтетикалық тәсілдер арқ жасалады. Оларды өзара есімше ж/е көсемше тұлғаларының негізінде жіктеуге болады. 1) –ған формантты есімше шығыс септік тұлғасында жасалады. Мыс: күн ысығандықтан қыс плащын шешіп іште қалдырыпты. 2) Көсемше арқылы: мұнда синтетикалық тәсіл ретінде көсемшенің екі түрлі амалы катысады. 1) –п формантты көсемше, Мыс: патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді.