КӨСЕМШЕНІҢ –П,-ЫП,-ІП ФОРМАСЫ
КӨСЕМШЕНІҢ –П,-ЫП,-ІП ФОРМАСЫНЫҢ ПЫСЫҚТАУЫШ МҮШЕ ЖАСАУҒА ЖӘНЕ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ҚҰРУҒА ҚАТЫСУЫ.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға етістіктің мына көсемше формалары қатысады:
-п ,-ып ,-іп ,-а ,-е ,-й
-ғалы , -гелі , -қалы , -келі
-стан , -стен
- майынша , -мейінше.
Құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруда өрісті жұмсалатын форма -п, -ып,- іп.
Мұндай формадағы сөйлемдер мынадай мағыналық қатынастарға түседі:
1.Жалғастық қатынасты білдіреді: Әкесі арбасын жөндеп, шешесі құрт қайнатып жатыр еді (Ғ.Мүсірепов).
2.Мезгіл жағынан қатар болған оқиғаларды хfбарлайды: Дастарқандағы бауырсақтар мен қанттар жөңкіле үркіп, кеселер соқтығысып қалды (С.Оразалин).
3.Мезгіл жағынан ілесе болатын оқиғаларды хабарлайды: Жел тұрып,бұлттар ыдырады.
4.Сын қимыл бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен байланысады: Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді, қасын қағып, селдір мұрты дірілдеп, қамығар еді (Д.Досжанов).
5.Себеп бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен байланысады: Көктемгі жауын қалың болып, шөп шүйгін шықты (Д.Досжанов).
6.Қарсылықтық қатынасты білдіреді: Шәнтитіп, осының қай жерін аға дейсің (С,Мұратбеков).