КӨСЕМШЕНІҢ -А,-Е,-Й ФОРМАСЫ

КӨСЕМШЕНІҢ -А,-Е,-Й ФОРМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАСАЛҒАН ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР.
Келер шақ көсемше(-а,-е,-й) формалы етістіктер сабақтас құрмалас сөйлем ұйымдастыруда мынандай ортақ қызмет атқарады:
1.Көсемше етістіктер бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып, оны мезгіл пысықтауыш мәнді бағыныңқы етіп қатыстырады: қой қоздап, мал иесіне әбігер кіреді (Ә.Асқар)
2.Келер шақ көсемше етістік бағыныңқының баяндауышы болып, ол хабарлаған оқиғаны, құбылысты бастауыш атайтын оқиғаға сын, сапа пысықтауыш ретінде байланыстырады: Қалжың күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді (С.Мұқанов).
3.Бола тұра етістік бағыныңқының баяндауышы болып, оны басыңқымен қарсылықтық қатынасқа түсіреді: Сонша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті (С.Мұқанов).
-й формалы көсемше етістік бөлек шығып жұмсалып, бөлекше мағыналық қатынасты сабақтас құрмалас сөйлем құрады.
1.Жалғастық қатнасты білдіреді: Биыл сөзім жерде қалмай, ісім оңға басты.
2.Мезгілдік қатынас: Қар жаумай егінді жинап алдық.
3Шарттық қатынасты да білдіреді.
4.Сын сапа мағынасында да қолданылады: Тасқыны басылмай, сарқырап аққан, ойнамалы жүйрік өзен сайды жайнатып, жасартып тұр (М.Әуезов).