КӨСЕМШЕНІҢ –ҒАЛЫ,-ГЕЛІ ФОРМАСЫНЫҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ
КӨСЕМШЕНІҢ –ҒАЛЫ ,-ГЕЛІ ФОРМАСЫНЫҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ.
Көсемше - езіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория. Қазіргі қазақ тілінде көсемше атқаратын қызметіне қарай негізгі және кейіпті болып екіге жіктеледі. Іс-әрекетті білдіретін жай сөйлемдегі негізгі етістіктің әр қилы амалдарын сипаттайтын тел қызметтегі көсемше негізгі, ал ашық райдағы шақ, күрделі етістіктік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемше кейіпті деп аталады. Негізгі көсемшенің сөйлемдегі басты функциясы негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама түрде сипаттау. Негізгі іс-әрекет әр түрлі формада және түрлі қызметте тұруы мүмкін, -Қалы, -келі, -ғалы, -гелі қосымшалары түбір етістіктерге жалғанып, мақсатты көсемше жасалады (хал-жайыі-щы білгелікелдім). Қалы, - келі, -ғапы, -гелі, -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшелерге отыр, жатыр, жүр, тұр қапып етістіктері тіркәсіп, келер шақ, осы шақ формапары жасалады (ол жазып отыр, мен жүргелі отырмын). -ғалы, -гелі формалы көсемше етістік бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып, оны басыңқы компонентпен мезгілдік қатынасқа түсіреді.