КӨП КОМПОНЕНТТІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

КӨП КОМПОНЕНТТІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.

Көп компонентті қ.с – р үш және одан көп жәй сөйлем типтемтерден құрылады. Көп компенентті қ.с-р бөлек құрылымдық тұлға ретінде ерекшеленетін белгілері бар. 1. Құрылымдық белгісі – а) коп жай сөйлем типтестерден құралады, ә) интонация жағынан ұйымдасу ерекшелігі – көп компоненттен құралғандықтан интонацияның ішкі құрылысында пауза көп болады, фразалық екпін көп болады. Сонымен қатар компоненттердің құрылысы интонациялық жікті түрліше көрсетеді. 2 . Семнтикалық ерекшелігі – логикалық – грамматикалық компоненттің көп болуынан, әрі сөйлем мүшелерінің грамматикалық мағынасынан, сөйлем мүшелері ретінде жұмсалғаны сөздердің лексикалық мағынасынан туады. Көп компонентті қ.с-ді іштей құрылысына қарап 3 түрге бөлуге болады:
1. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер.
2. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер.
Екі комп –тті салалас қ.с –ге тән грамматикалық белгілер көп ком – ті салалас қ.с-ге де тиесілі. а) мұның құрамындағы баяндауыштары тиянақты формада болады, ә)компоненттерд байланыстыратын амалдар да бірдей. Ірімшік жерге салп етті, іс бітті, қу кетті.
Көп комп қ.с-р бір басығқы, бірнеше бағыңқы комп-н құралады.Терезенің түбінен қатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдай үріп қоя бергенде, үйдегі шешелер ояу еді.
Көп ком аралас қ.с-р құрамында өзара салаласып бйланысқан компоненттер бірдей қатысп ұйымдасады. Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді, қасын қағып, селдір мұрты дірілдеп, өңі бұзылып, қамығар еді.
Шерхан Талап

Хабарлама: 13
Тіркелді: Сәр қараша 20, 2013 12:28 pm