КҮРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК ТҰТАСТЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

КҮРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК ТҰТАСТЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Көптеген ғалымдар мәтіннің кіші бірлігі деп сөйлемді емес, бірқатар сөйлемді біріктіретін ірірек бірлік – күрделі фразалық тұтастықты есептейді, оның күрделі синтаксистік тұтастық, мәтін компоненті, прозалық шумақ, синтаксистік кешен, монологтық айтылым, коммуникативтік блок және басқа осы сияқты синонимдері бар.
Атаулары әр түрлі болғанымен бұл терминдердің мәні біреу – шығарманың ауқымдырақ үзіндісінің құрамдас бөлігі болып табылатын, сөйлемнен ірілеу бірлікті анықтау. мәтін шағын формалы (микромәтін) композициялық көзқарас тұрғысынан тақырып қойылатын хабар, газет мақаласы, шағын әңгіме т.с.с. болса, күрделі фразалық тұтастықтың тұтас мәтінмен сәйкес келуі мүмкін. Алайда көп жағдайда күрделі фразалық тұтастық мәтіннің ірілеу үзіндісінің құрамдас бөлігінің функциясын атқарады.«Сөйлем» мен «айтылым» ұғымдарын шектеу керек, себебі бұл ұғымдарды көбінесе ажыратпайды.Айтылым сөйлеммен тығыз байланысты болса да одан елеулі айырмашылығы бар. Сөйлем – тіл бірлігі, онда әлем үзіндісінің заттық-нышандық бейнесі жинақталып тіркеледі: «Ұл скрипка ойнап отыр», «Қыз жағажайда қыздырынып жатыр».
Сөйлемнен айырмасы – айтылымда сөзді кімнің айтқаны, кімге арналғаны, себебі, мақсаты және басқалары маңызды, яғни денотативтік функцияға қоса нақты коммуникативтік жағдай көрініс табады; ал айтылымның өзі – коммуникативтік тұрғыдағы бірлік, сондықтан контекстке кіріп, пресуппозициялармен және импликациялармен сипатталады; онда айтушының коммуникативтік ниеті (сөйлеу интенциясы), мақсаты, тақырып пен ремаға өзекті мүшелеу жүзеге асады.
Айтылымда сөйлемнің лексикалық толығуы мен просодикалық рәсімделу бар; интонация айтылымға тән.
«Айтылым» терминін негізінен сөйлеуге қатысты қолданатын боламыз. Жазбаша сөзге қатысты сөйлем мен күрделі фразалық тұтастық ұғымдары қалады.
Мәтін лингвистикасы жөніндегі еңбектерде күрделі фразалық тұтастық анықтамалары мейлінше көп, сондықтан жұмыс анықтамасы ретінде мынаны таңдадық: күрделі фразалық тұтастық – ең азы екі сөйлемнен құралған, мағыналық, коммуникативтік және құрылымдық аяқталуымен және автордың хабарға қатысымен сипатталатын синтаксистік бірлік.
Күрделі фразалық тұтастық – күрделі құрылымдық-семантикалық бірлік, оның мәні оны құрайтын дербес сөйлемдердің мағыналарының жай қосылуының нәтижесі емес, бұл сапалы жаңа құрылымдық-мағыналық түзілім.

КӨП КОМПОНЕНТТІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.

Көп компонентті қ.с – р үш және одан көп жәй сөйлем типтемтерден құрылады. Көп компенентті қ.с-р бөлек құрылымдық тұлға ретінде ерекшеленетін белгілері бар. 1. Құрылымдық белгісі – а) коп жай сөйлем типтестерден құралады, ә) интонация жағынан ұйымдасу ерекшелігі – көп компоненттен құралғандықтан интонацияның ішкі құрылысында пауза көп болады, фразалық екпін көп болады. Сонымен қатар компоненттердің құрылысы интонациялық жікті түрліше көрсетеді. 2 . Семнтикалық ерекшелігі – логикалық – грамматикалық компоненттің көп болуынан, әрі сөйлем мүшелерінің грамматикалық мағынасынан, сөйлем мүшелері ретінде жұмсалғаны сөздердің лексикалық мағынасынан туады. Көп компонентті қ.с-ді іштей құрылысына қарап 3 түрге бөлуге болады:
1. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер.
2. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер.
Екі комп –тті салалас қ.с –ге тән грамматикалық белгілер көп ком – ті салалас қ.с-ге де тиесілі. а) мұның құрамындағы баяндауыштары тиянақты формада болады, ә)компоненттерд байланыстыратын амалдар да бірдей. Ірімшік жерге салп етті, іс бітті, қу кетті.
Көп комп қ.с-р бір басығқы, бірнеше бағыңқы комп-н құралады.Терезенің түбінен қатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдай үріп қоя бергенде, үйдегі шешелер ояу еді.
Көп ком аралас қ.с-р құрамында өзара салаласып бйланысқан компоненттер бірдей қатысп ұйымдасады. Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді, қасын қағып, селдір мұрты дірілдеп, өңі бұзылып, қамығар еді.