ЕСІМШЕНІҢ- АР,- ЕР,-Р ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАСАЛҒАН ҚҰРМА

ЕСІМШЕНІҢ- АР,- ЕР,-Р ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАСАЛҒАН ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР,МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ.

Қазақ тілінде сабақтастардың құрылуында және синтаксистік қатынастың түзілуіне есімшенің барлық түрі ат салыспайды. Бұл қызметті көбінесе әр түрлі көмекші сөздермен бірге келетін немесе қажетті жалғаулар қосылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын құрайтын –ған/-ген, -қан/-кен есімше формасы атқарады. Бұл көмекші элементтерсіз есімшеден құралған баяндауыш пен грамматикалық бастауыш арасындағы қатынас атрибутталған байланыстың шегінен шықпайды.Есімшелер барыс, жатыс, шығыс, көмектес сияқты көлемдік септіктер тұлғасында келіп қана бағыныңқының баяндауышы қызметін атқара алады. Өйткені осы тұлғадағы есімшелер ғана етістік сөз табының қасиетін, шақтық қызметін, предикативтілігін, басқа мүшелерді меңгеру қабілетін сақтайды. Ал грамматикалық септіктерде ондай қасиет жоқ.Есiмшелер мен көсемшелердiң жай сөйлемдi құрмаластыру жолы бiрдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша тәсiлсiз, формасыз жай сөйлемдi құрмалсатыру функциясын атқара алатын болса, есiмшелерде ондай қасиет жоқ.
Есiмшелер жай сөйлемдi құрмаластыру үшiн әр түрлi тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада айтылады. Мұндай тиянақсыз қасиет берiп, есiмше формалы сөздi басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын – оларға жалғанатын түрлi қосымшалар және шылаулар.Сондай-ақ бағыныңқы баяндауышы түбiр тұлғалық не шығыс, барыс, жалғаулы есiмшеге соң, кейiн, дейiн, берi, гөрi, шылаулары тiркесу арқылы, сондай-ақ шақта, кезде, сәтте, күнi, сағатта т.б. мезгiлдiк мәндегi сөздердiң -дық, -тан, -дiк, -тен қосымшаларының тiркесуi арқылы да әр түрлi мағыналық қатынастағы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасалады.Есiмшенiң қалған формасының бағыныңқы баяндауышы қызметiнде жұмсалуы тiлде өте сирек кездеседi.Есімше формасы арқылы құрмаласатын сабақтастардың негізгілері: мезгіл және себеп бағыныңқылар. Мезгіл бағыныңқыда есімшенің- ар,-ер формантты түрі жатыс септігінде қолданылады.