Супернова (Cho Shin Sung)

[size=150:1ma7aing]Cho Shin Sung (супернова) (корейше초신성, қытайша. 超新星, жапонша. 超新星 Chōshinsei, «Supernova»). Бұл оңтүстіккореялық бойзбенд. Mnet Media агенттігінің қарамағында. Олар тек Кореяда ғана жетістіктерге жеткен жоқ, сонымен қатар Жапонияда, Тайландта, Қытайда, қысқасы Шығыс Азияда танылған топ.



Елі: Оңтүстік Корея
Құрамы: 6 ер адам
Бағыты: K-Pop, J-Pop
Дебют жасаған жыл: 2007 жыл
Агенттік: Mnet Media

Олар Cho Shin Sung деген есімге ие болмас бұрын GM5 деген есімге ие болған. Себебі, бастапқы кезде топтың құрамында 5 әнші болды. Олар: Пак Гон Иль, Ким Сонг Дже, Ким Кван Су, Хан Джи Ху. Бірақ, 2006 жылдың желтоқсанында Хан Джи Ху топтан шығып, оның орнына Джун Юн Хак және Ким Чин Чоль қабылданды. Олар BIG4 концертінде GM6 есімімен шықты. 2006 жылғы дебютке дейін Ким Чун Чольдің орнын Юн Соң Мо басты.

2007 жылдың 21 қыркүйегінде олар Cho Shin Sung (супернова) деген есіммен және 6 әншімен дебют жасады. Олар дебю кезінде «HIT» әнін орындады. Топ ән шырқаған кезінде көрермендер мен тыңдармандарды өздеріне бағындырып, барлық әншілік, рэпперлік, бишілік және актерлік өнерлерін паш етті. Олар Best Male Newface Group & Artist of the Year (Жаңа Ең Тамаша Ер Балалардан Құралған Топ және Жыл Әртістері) деген атаққа ие болды. Олардың жеңісінің сыры – 2 жыл тайсалмай вокалмен және бимен айналысқандығы.

2009 жылы Тиарамен бірігіп «T.T.L. (Сүю уақыты)» атты ән шырқады. Ол кезде ән айтуға қатысқандар: Суперновадан: Гон Иль, Кван Су, Джи Хек, ал Тиарадан Джи Ен, Со Ен, Хе Мин, Ын Джон. Ал бейнебаянда Гон Иль, Кью Ри және Бо Рам түсті. Олардыңбұл әні бірнеше апта бойы чарттардан түспей, жастардың сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды. Сосын, олар тағы да бірігіп «T.T.L. Listen 2»деген ән орындады. Бұл әнде екі топтың әншілерінің бәрі қамтылды.

Ал 2012 жылдың 16 сәуірінде топтың жаңа құрамымен comeback (қайта оралу) болды. Жаңа құрам мынадай болды:Сонг Дже, Кван Су, Сунг Мо, Джи Хек, Гон Иль. Сomeback жасаған әні “Stupid Love“ (ақымақ махаббат) болды. Әннің бейнебаянында Davichi тобының әншісі Кан Мин Ген түсті. 23 мамырда «Stupid Love» әнінің Жапонияда релизі болып өтті. 2012-нің маусымында «She's GONE» әнінің бейнебаяны түсіріліп, ол бейнебаян 29 тамызда жарық көрді. Бұл ән қазіргі таңда Супернованың ең жаңа әні болып табылады.

Топ құрамы:


2011 жылдың 25 қазанынан бастап 2013 жылдың 25 маусымына дейін әскерде.
Сахналық есімі: Юн Хак
Шын есімі: Джун Юн Хак
Туған күні, айы, жылы: 2 желтоқсан 1984
Қан тобы: О
Бойы: 181 см
Сүйікті ісі: сноубординг, DVD дискілерді және аяқ киімдерді коллекциялап жинайды, жүзу.
Бейнебаянда түсті: FT Island – I’m happy
Топтағы орны: Лидер, вокалист


Сахналық есімі: Сонг Дже
Шын есімі: Ким Сонг Дже
Туған күні, айы, жылы: 17 қараша 1986
Қан тобы: АВ
Бойы: 184 см
Сүйікті ісі: Өлең тыңдау, скуттермен қыдыру, кітап оқу, шоппинг, кино көру және компьютерлік ойын ойнау.
Бейнебаянда түсті: FT Island – Lovesick
Топтағы орны: Лидер (уақытша, Юн Хак әскерден келгенше), бас вокалисттердің бірі, бас бишілердің бірі.

Сахналық есімі: Кван Су
Шын есімі: Ким Кван Су
Туған күні, айы, жылы: 22 сәуір 1982
Қан тобы: В
Бойы: 182 см
Сүйікті ісі: Рэп орындау, спорт.
Бейнебаянда түсті: FT Island – Lovesick
Топтағы орны: Бас вокалисттердің бірі, бас бишілердің бірі.


Сахналық есімі: Соң Мо
Шын есімі: Юн Соң Мо
Туған күні, айы, жылы: 15 шілде1987
Қан тобы: О
Бойы: 180 см
Сүйікті ісі: Кино көру, спорт (велоспорт), өлең жазады.
Топтағы орны: Бас вокалисттердің бірі.

Сахналық есімі: Джи Хек
Шын есімі: Соң Хен Ең
Туған күні, айы, жылы: 13 маусым 1987
Қан тобы: В
Бойы: 185 см
Сүйікті ісі: Тауға өрмелеу, кино көру, вейкбординг.
Бейнебаянда түсті: FT Island – Lovesick
FT Island – I’m happy
Seeya – Let’s Get Married
Топтағы орны: Бас рэпперлердің бірі,вокалист.

Сахналық есімі: Гон Иль
Шын есімі: Пак Гон Иль
Туған күні, айы, жылы: 5 қараша 1987
Қан тобы: В
Бойы: 187 см
Сүйікті ісі: Кино көру, өлең жазу және үй жинағанды жақсы көреді.
Бейнебаянда түсті: FT Island – Lovesick
Seeya – Grazy Love Song
Топтағы орны: Бас рэпперлердің бірі,вокалист, бас бишілердің бірі (топтың ең кіші әншісі).

Топтың біршама суреттері:


T-araмен бірге:

[/size:1ma7aing]

суреттерін өте көп салып жіберген сияқтымын))
шаштарын қиып беру керек сияқты, тым өсіп кетіпті :D
kart korinedi!da???????
kart korinedi!da???????

енді макнэсінің өзі 87 жылғы ғой))) айтпақшы, олар кореядағы ең ұзын бойлы топтардың қатарына кірген