Биосфера
Биосфера
Биосфера жер шарынын тіршілігі бар жерлерін қамтиды. Биосфера — атмосфераның төменгі, литосфераньщ жоғары қабатын ж\е гидросфераны түгел дерліктей қамтитын тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы табиғи орталар.
Биосфераның қалыптасуы — ұзақ жылдарға созылған күрделі процесс.Биосфераны академик В.И.Вернадский жан-жакты толык зерттеді.. В.И.Вернадскийдін негізгі идеясы "Биосфера" дегеі еңбегінде 1926 жылы жарық көрді.
Биосфера 3 кұрамдас бөліктен түрады. Олар: ауа қабаты (атмосфера), су қабаты (гидросфера) және жер қабаты (литосфера) Атмосфера — біздің ғаламшарымыздың ғарыш кеңістігімеі шектесіп жатқан аралығы. Атмосфера арқылы зат және энергия алмасады. Жерге атмосфера арқылы ғарыштық шаң-тозан, метеорит сынықтары түсетін болса, жер сутек, гелий сиякты жеңіл газдарды жоғалтып отырады. Атмосфера тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын бірнеше қабаттардан тұрады. Тіршілік тропосфера қабатына тән. Онда барлык тірі организмдерге қажетті оттек, азот, көміркышкыл газдары, т.б. бар. Атмосфераның ең маңызды атқаратын қызметі —тыныс алу, қорғаныш, зат жөне энергия алмасуды жүзеге асыру.В.И.Вернадский(1864-1945)
Гидросфера қабаты жер шарының 3/2 бөлігін алып жатыр. Сусыз әлемде тіршілік болмайды. Жер шарындағы барлық судың 94%-ы мүхиттар мен теңіздердің, 6%-ы ғана езен, көл, жерасты сулары мен мұздықтардың үлесіне тиеді. Судағы тіршілік мүхит
Судың беткі қабатында ұсақ организмдер калқып жүріп, тіршілік етеді. Оларды планктон дейді. Судың терең тұңғиықтарында еркін жүзіп жүретін балықтар тіршілік етеді. Оларды нектон дейді. Бұл кдбатта, негізінен, акула, кит, дельфин, камбала, скаттар тіршілік етеді. Ал мұхиттардың ең түбінде көбінесе козғалыссыз тіршілік етуге бейімделген су организмдері — бентос орнығады. Олар — кәдімгі теңіз жұлдызы, теңіз орамжапырағы, губкалар, былқылдақ-денелілер, т.б.
Өзен-көл суларында көптеген су өсімдіктері мен балықтар тіршілік етеді. Қазіргі кезде су көздерінің ластануы ондагы тіршішк иелеріне зардабын тигізуде. Өсіресе мұнай өнімдері, радиоактивті калдықтар мен химияльщ заттар суға түсіп, оньщ түракды тіришгік ырғагын бұзып отыр. Мысалы, Каспий, Арал теңіздері мен Ертіс, Іле, Жайық, Шу, Сырдария өзендерінің ластануы — шешімін таппай жатқан өзекті мөселелердің бірі.
Литосфера құрлықтағы тіршілікке ең қолайлы орта болып табылады. Оның түп негізін әр түрлі минералдар, тау жыныстары, шөгінділер, органикалық қалдықтар кұрайды. Топырақ қабатын "тіршілік тірегі" десек те болады. Онда тірі организм-дерге қажетті барлық жағдайлар бар. Топырақ организм үшін қолайлы орта, қореқ кезі, жауларынан корғанатын орын, көбею, таралу аймағы болып табылады. Тіршілік жердің беткі қабатынан бастап 3—10 см терендікте, ал кейбір бактериялар тіптен 1 мың м тереңдікте кездесетіні дәлелденіп отыр.
Биосфераньщ алуан түрлілігіне байланысты ондағы организм-дердід сан алуандығы, саны мен тығыздығы, кеңістікте кездесуі және олардъщ биологиялык өнімділігі де өр түрлі болып келеді. Мысалы, су мен күрлықтағы, тропиктік ормандар мен піөл белдемінщ биологиялык өшмділігі сөйкес келмейді. Сондыктан биосферадағы тірі организмдердің өнімділігі сол жердің биоценоз құрамындағы өсімдіктер мен жануарлардың белгЪгі бір уакьіт пен көлемдегі биомассасымен елшенеді. Күрлықта шел, шөлейтті жерлердщ биологиялық өнімділігі темен, ал ормандардын енімділігі жоғары деп есептеледі. Биологиялык енімділікті есепке алу — шаруашылық салаларын дұрыс үйымдастыру мен азык-түлік мөселесін шешуде үлкен рөл аткарады.