Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм
Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм
Жер шарындағы табиғат белдеулері — климаттық ж\е географиялык белдеулердің жіктелуі, негізінен, Күн сәулесінің түсуіне, олардың мұхиттардан алыс немесе жақын орналасуына байланысты болады. Осыған орай әрбір өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің өзіндік ерекшеліктері ж\е қасиеттері туындайды. Ол анатомиялық-морфологиялык, физиологиялық, биохимиялық, т.б. түрдің жеке өзіне тән қасиеттерімен сипатталады. Жылдың, тәуліктін ырғақты ауысу мерзіміне байланысты әрбір организмнің де тіршілігінде тәуелді түрде қайталанып отыратын даму ырғағы пайда болады.Егер организмнің дамуы жылдың маусымдық ырғағымен сәйкес келмесе, онда түр жойылады. Бұған күзге карай ағаш жапырактарынын түсуі, жануарлар дүниесінің тіршілігшдегі өзге-рістер (жүнінің қалындауы, тері асты май қабаттарының калыңдауы, қыскы үйкыға кету, т.б.) айқын мысал бола алады. Аталған өзгерістер организмдердің тіршілігінде жыл сайын кайталанып отырады. Міне, осы күбылыстарды биологиялық ыргақтар дейді. байланысты тіршілік процесіндегі тәуліктік, маусымдық, жылдық физиологиялық өзгерістер ырғақты түрде қайталанып отырады.Көптеген жануарлардың тіршілігіндегі тәуліктік кайталанулар ішкі физиологиялык процестермен емес, тек козғалыс белсен-ділігімен реттеледі. Осы күбылысты сыртқы ыргақтар дейді... Қазақстанда организмдер үшін қолайлы маусым 5—7 айға созылады. Осы уакыт ішінде организмдер өздерінің тірпіілік процесін толық аяқтай алады. Көктемнің белгісі қардың еруімен, тал, терек, жеміс ағаштарының гүлдеуімен жөне жыл құстарының ұшып келе бастауымен керінеді. Республикамыз қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктеріне орналаскан. Мысалы, оңтүстікте шие мен ерік гүл ашкан кезде, солтүстікте әлі суык, боран соғып, қар жатады.
Фотопериодизм дегеніміз-организдердің тәуліктің жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.
ІІІ. Жаңа ұғымдар: Биологиялық ырғақ. Жыл маусымдары.
Тәуліктік,маусымдық қайталану. Биоиндикаторлар.фенология. фотопериодизм.