Организмдерге әсер етуші факторлар

Организмдерге әсер етуші факторлар

Экологиялык факторлар алуан турлі болғанымен, олар организмдерге бірдей әсер етпейді. Жарық — тірі организмдер үшін негізгі фактордың бірі. Күн сәулесінің жер бетіне келіп жететін барлық мөлшерінің 50%-ы ғана бізге көрінеді. Ал көрінбейтін бөлігі инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерден тұрады. Жарық, әсіресе жасыл өсімдіктер үшін өте қажет. Өйткені фотосинтез процесі Күн сөулесі энергиясының әсерінен жүреді.Көптеген организмдердің тіршілігі үшін (көбею, орын ауыстыру, қореқ іздеу, т.б.) жарық міндетті түрде болуы керек.жарық сүйгіиітер (фототрофы) және жарық сүймейтіндер (фотобобы) деп те беледі.
Температура. Организмдердің тіршілігі мен дамуы және таралуы үшін қажетті факторлардың бірі — температура. Сондықтан организмдер төменгі немесе жогары темпера тураға бейімделе отырып, өзінін калыпты тіршілігін үйлестіріп отырады. Қазақстан табиғаты оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеріп отырадьі. Өсімдіктер мен жануарлар жылуды уакыт пен жыл маусымдарына байланысты түрліше қабылдайды. Мысалы, тундра өсімдіктері ағаш қабықтарына, тасқа, жартастарға жабысып өсуге, а л тропиктер мен субтропиктер өсімдіктері өркендерінің, жапырақтарының түрін өзгертіп, қурап немесе кеуіп кетуден сақтануға бейімделген. Шөл, шөлейтті жерлерде өсетін есімдіктердің сабақ, жапырақ, тамыр, т.б. мүшелерінін түрі өзгерген. Мысалға Қазақстанньщ шөл, шөлейтті аймақтарында өсетін сексеуіл, қылша,
кұм қарағаны, теріскен, жантақ, ақ жусан, изен, т.б. атауға болады. Жоғары немесе төменгі температура өсімдіктердің анатомиялык-физиологиялық бейімделуіне де күшті әсер етеді. Мысалы, жоғары температура өсімдіктерде транспирация процесін, клеткада тұз жинақталуды тездетіп, лептесік арқылы суды буландыруды азайта түседі. Ал температуранын төмендеуі өсімдік клеткасындағы қант, т.б. органикалык заттарды көбейте түсіп, суыққа төзімділігін арттырады.Т-ң өзгеруіне қарай жануарларда көптеген морфологиялық бейімделу нышандары (түсінің өзгеруі, май жинауы, т.б.) айқын білінеді.Жылу режімі жер шарындағы өсімдіктер мен жануарлардың таралуына фактор ретінде әсер етеді.Оларға жер шарынын жылулық, географиялык, климаттык белдеулері, топырақтың құрамы, ауа райы, т.б. көптеген факторлар жатады.. Таудың күнгей беттерінде құрғақ сүйгіш өсімдіктер, ал теріскейінде ылғал сүйгіш өсімдіктердің түрлері басым өседі. Жылу мол түсетіндіктен, таудың альпілік, салқын бөліктерінде де жәндіктердің көптеген өкілдерін кездестіреміз. Іле Алатауы баурайының терістігінде қаптап өскен шыршалар мен күнгей бетіндегі әр түрлі өсімдіктер бірегей биоценоздардың қалыптасуына тигізген әсерінің көрінісі болып табылады.Ылғал. Су — клетка цитоплазмасы, ұлпа, қан құрамында ж\е өсімдікте, жануарлар организмінде негізгі зат ретінде көптеген қызмет аткарады. Организмде сусыз ыдырау мен қалыптасу, зат және газ алмасу процестері жүруі мүмкін емес.Мысалы, балдырда — 96—98%, сәбізде — 87—91%, өсімдік жапырағында — 83—86%, былқылдақ денелілерде — 80—92%, жәндіктерде 46—92% мөлшерінде су болады. Тіпті, ең құрғап кеткен қына, мүк денесінің 5—7%-ы судан тұрады.
Құрлық жануарлары мен өсімдіктері үнемі су тапшылығын сезінеді. Өсімдіктердің суды қажет етуі ауа райы мен топырақ құрамына байланысты маусым бойы өзгеріп отырады. Өсімдіктер мен жануарлардың түсі де, түрлер санының азайып-көбеюі де өзгере бастайды. Мысалы, судың бетіне жақын көк жасыл, одан соң коңыр, тереңдікте қызыл балдырлар орналасады. Ал жануарлардың түсі су тереңдеген сайын көк жасыл түстен қызылға ауысады. Себебі, судың түбіндегі кызыл түс кара болып көрініп, организмдерге жауларынан қорғануға мүмкіндік береді.
. Мысалы, тұщы судың 1 л келемінде 0,5 г, ал теңіз суларында 35 г тұз болады.
Тұщы су организмдері үшін кальцийдің релі зор. Әсіресе былкылдадденелілер, шаянтәрізділер мен омырткасыз жәндіктер кальцийді бакалшақтар түзу үшін пайдаланады. Өзеннің немесе көлдің түбінде де өсімдіктер всетіндіктен, түщы су еріген оттекке бай келеді. Судағы еріген оттек мөлшері атмосферадан енген оттекке және су өсімдіктерінің фотосинтез процесіне байланысты болады. Өсіресе тау өзені суларында оттек көп. Осыган байланысты бүл ортада бахтах, тау албырты, хариус өздерін жаксы сезінсе, оттек аз көлдерде — сазан, мөңке балык, жайын, табанбалықтар еркін тірпгілік етеді. Ал кейбір хирономид, сирек қылтанды қүрт-тар, т.б. көптеген омыртқасыз жәндіктерге оттектің тіпті қажеттігі жоқ.Жауын-шашын.
Жер шарының көптеген аймак.тарында жиі жауатын нөсерлер, бүршақтар жалпы экожүйеге, фауна мен флораға көп зиян келтіреді. Кейбір несер жауындардың арты селге айналып, топырақ пен су өрекетін бұзуы да мүмкін.
Қар фактор ретінде организмдер үшін кебінесе қолайлы рол аткарады.
ІІІ. Жергілікті жердегі организмнің жарыққа, көлеңкеге,суға қатысты өкілдерін атаңдар.