Жыныстың хромосомалық анықталуы

Жыныстың хромосомалық анықталуы

Табиғатта кездесетін барлық дара жынысты организмдерде аталық жөне аналық даралардың арақатынасы, шамамен, 1:1-ге тен болады.
Мысалы, дрозофила шыбынының дене клеткаларында 4 жұп хромосома болады. Олардың үш жұбы аталық және аналықтарында ұқсас келеді, оларды аутасомалар деп, ал екі жыныста екітүрлі болатын соңғы жұбы жыныстық хромосомалар деп атайды. Осы жыныстық хромосомаларына байланысты организмнің жынысы анықталады. Аналық. шыбынның жыныстык, хромосомалары өзара ұксас келеді, оларды XX деп белгілейді. Аталық шыбында бұл хромосомалар екі түрлі, олардын біреуін X, екішпісін У деп белгілейді аталық. шыбында екі түрлі сперматозоид түзіледі, оның бірінде X, екіншісінде У хромосома болады. Егер жұмыртка клеткасы X хромосомасы бар сперматозоидпен ұрықтанса, аналык организм (XX), ал У хромосомасы бар спермато­зоидпен ұрықтанса, аталық организм (ХУ) дамып жетіледі.
Адамның дене клеткаларындагы 46 хромосома — 23 жұп құрайды. Мұны диплоидті жиынтық деп атай-ды. Ал гаметаларда диплоидті жиын-тыктың тең жартысы — 23 хромо­сома ғана болады. Мұны гаплоидті жиынтық деп атайды. Оның 22-сі аутосома, біреуі жыныстық хромо­сома болады.
44+ХХ (аналык жыныс) 44+ХУ (аталық жьшыс)