Аллельді тендер
Аллельді тендер
Мендель "Организмнің кез келген белгісі өзінің арнайы факторымен аныкталады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына гаметалар аркылы беріледі", — деді. голландиялық биолог, генетик В.Л.Иогансен ол факторларды ген деп атады, ал америкалык генетик Т.Морган 'Тендер хромосомаларда орналаскан", — деп түжырымдады.Ген организмнің нақты бір белгісін анықтайды. Кез келген белгінің бірдей немесе екі түрлі көрінісін анықтайтын жұп тендер аллельді гендер деп аталады. Қай организм болсын, оның дене (сома) клеткасында хромосомалар жұп күйінде болатыны белгілі, оларды гомологті (ұрп) хромосомалар деп атайды. Аллельді тендер осы гомологті хромосомалардың бірдей үлескілерінде орналасқан. Аллельді гендер доминантты және рецессивті болуы мүмкін. Аллельді гендерді латын әріптерімен белгілеп, доминантты генді бас әрігшен (А), ал рецессивті генді кіші әріппен (а) керсетеді.
Организмнід өз ата-аналарынан гаметалар аркылы қабылдаған гендердің толық жиынтығын генотип деп атайды. Генотипіне карай организм гомозиготалы немесе гетерозиготалы болуы тиіс. Гомо-зиготалы деп аллельді гендердің екеуі де доминантты — АА не екеуі де рецессивті — аа болатын организм. Олардан түзілетін гаметалар да бір типті болады. Гетерозиготалы организмнін аллельді гендері екі түрлі — Аа . Сондықтан түзілетін гаметалар да екі түрлі: біреуінде доминантты А гені, екіншісінде — рецессивті а гені болады.
Фенотип дел организмнін ішкі және сырткы белгілерінің жиын-тығын айтады, яғни тұкымның түсі мен пішіні, гүлінін, реңі, сабағының биіктігі, т.б. біреуіңің доминантты белгісі жарыққа шыққан жағдай толық доминанттылыкты көрсетеді. Бірақ, табиғатта толык емес доминантты-лык құбылысы да кездеседі. Ол кезде ата-аналарының екі белгісі де көрінбей, аралық сипаттағы жаңа белгі жарыққа шығады. Өйткені кейбір доминантты белгілер рецессивтілерге толыкқ басым-дылық қасиет көрсете алмайды. Бұл құбылысты аралық сипаттагы туқым қуалау немесе толық емес доминанттылыц деп атайды.