Жасандылықтың сызы білініп тұрады,...........

Қазақ киноларына шынайылық жетіспейді. Яғни, негізгі фильмнің идеясын актерлар көрерменге жеткізе алмайды.Сіздер қалай ойлайсыздар?

Кейбір актерлар жеткізе алмай жатады, бірақ көпке топырақ шашуға болмайтын сияқты. Ролін шынайы ойнай алатын да актерлар баршылық.!
Ниче, өстіп өстіп түзеліп кеетеді. Қазір сапалы сапасыз көөп кино мен сериалдар түсіріліп жатыр. Бұлардың көптігі бәсекелестік туғызады. Бәсекелестік сапаны жақсартады. Бәрі жақсы болад бізде әлі :D (Хабар көрп алып едім :lol: )
Бәріне топырақ шашудан аулақпын! Дегенмен,бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. (((((( Ал жақсы киноларды биылда күтеміз. Иншаллах, сеніміміз ақталар!
Шынайылықтың көкесі Рақышовтың киноларында :lol:
Жасандылық бар, жоқ дегенше нақты мысалдар келтірген жөн сыңайлы. Мысалы, Ақан Сатайдың "Рэкетир", "Ағайынды" фильмдерінде жасандылық жоқ. Ал "Ликвидатор" мен "Мың бала" киноларында жасандылық байқалады. Өз ойым, әрине
Қазақ режисерларының көбінде жасандылық бар. Сол үрдіс қайта көбейіп жатыр. Тұрсыновта ілгерілеу бар, жасандылықтың "көкесі" Рақышев қой.
Ескі кинолардан жасандылықтың иісі мүлдем сезілмейді. Сосын жалықтырмайды. "Мың бала" керемет фильм болғанмен, төртінші-бесінші рет қайтара көре алмадым. Ал "Менің атым Қожаны" 20-шы рет көрдім!
Менің пікірімше "Мың бала" бірақ рет көруге арналған. 1-2 жылдан сон тагы бір кайталап коруге болатын шыгар. Ал "Қожа" ол мәңгілік)))
Вабще бір демалып казак киносын карайын десен,аты қазақ заты орыс боп кетет баяғы замандыкіде қазіргі замандыкіде сондай! :? неге орысша сөйлейді түсінбейм,бара бара агылшынша сойлейтін болар!