Суыққа қарсы ...

Жақсылап тамақтан, таза бол, уақытылы тынық!

♦ Тазалыққа мән беріңдер! Суық деп қол жууға немқұрайлылықпен қарамаңдар.

♦ Темекі өмірімізден шығарылуы тиіс, темекі шегілген жерлерде отырмау керек.

♦ Спиртті ішімдіктер, қышқылды сусындар, әртүрлі дайын азықтар сияқты метаболик стресті арттырып, қартаюды жылдамдататын азықтардан алыс тұру керек.

♦ Әрбір стресте (ашулануда) ұстамды болу керек.

♦ Ұйқы жеткілікті болу керек. (Ересектер үшін 7 сағат)

♦ Жүйелі түрде тамақтану керек. Яғни үйде, кафеде немесе мектепте қысқасы барлық жерде жақсы тағамдар жеу керек.

♦ Цитрусты жемістер (лимон, апельсин, грейтфурт) мен көкөністер суыққа қарсылық көрсете алады.

♦ Дәнді дақылдар, балық, балғын сүт өнімдері, балғын көкөніс және жемістер мен зәйтүн майы сияқты азықтар дастарханнан үзілмеуі тиіс.

♦ Етті қуырып пісірудің орнына, күйдірмей торға немесе буға немесе қайнатып пісіру жолын таңдау керек.

♦ Тамақтарды аз-аздан жеу керек. Дастарханнан тоймастан тұру керек.

♦ Көп-көп су ішу керек. (Күніне 1,5-2 литр)

♦ Әр күні ең аз дегенде жарты сағат жүру керек. Әрекетті өмір салты салмақ қосуға бөгет болады.