Сұрақ-жауап (ойын)

Сонымен былай... Мысалға кез келген сұрақ қойылады, сендер жауап бересіңдер да өз сұрақтарыңды қоясыңдар... солай солай кете береді

Мектепте шыны керек 2 алып көрмедім. Мектепте қандай оқушы болдыңыз? Нешемен оқыдыңыз?
Өөөөй,,, негізі физикадан ғана 4ке шыққанмын, онда да 9сыныпта, қалғанының бәрі қызыл. Бір жылда неше рет сабақтан қалғанымды санайтынмын - бір қолымның саусақтары да жетеді санауға. Қашып көрмеппін (бір рет ауырып тұрып сұранбай кеткенім болмаса), кейде үй тапсырмасын, әсіресе, жаттауларды сол сабақта-ақ айтып беріп, бағамды алып қоятынмын. Ылғи алдыда отыратынмын. Мақтанып жатқан жоқпын, мақтанатын несі бар? Қайта нағыз іш пыстырарлық естеліктер ғой... Нағыз қызық колледжде болған ;-),,,

мамандығыңыз қандай?
Оқып жатқан мамандығым қаржы. Алғашқы білімім бойынша экономистпін. Бала күніңізде кім болуыд армандап едіңіз?
Президент болуды. Президент болу үшін не істеу керек???
Президент болуды. Президент болу үшін не істеу керек???

Қиын сұрақ екен. Көп оқып, іздену керек. Көп еңбек ету керек. Бұл менің ойым. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Президент болу үшін анадан президент болып туу керек. Отбасыңызда неше ағайындысыз? ;)
каншау деп ойлайсын?
"Ұшқын Мейіргүл Оңғарова" Отбасыңызда неше ағайындысыз? ;)

інім екеуміз, бірақ, оның өзі 10 ініге татитындай күйдіріп, 20 ініге татитындай қуантады...

Мектеп бітіру кешіне қандай киім кидіңіз? :-D
А-ля Мэрилин Монро стиліндегі көк көйлекті кидім)) Мектепті бітірген кезде соңғы қоңырау салтанатында көзіңізге жас алдыңыз ба?
А-ля Мэрилин Монро стиліндегі көк көйлекті кидім)) Мектепті бітірген кезде соңғы қоңырау салтанатында көзіңізге жас алдыңыз ба?

Уақыты жақындап қалды деп күнде жылайтынмын. Қырсыққанда дәл сол күні көзімнен жас шықпайдығо. Не күле алмайм,не жылай алмайм,тек жүзімде мұң,жүрегімде қайғы болды. Неге осы соңғы қоңырауда тек қыздар жылайды,жігітер неге жыламыйды?