Маркетингтік зерттеулерді жүргізу үрдісі
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу үрдісі.
Мазмұны: Маркетингтік зерттеулердің жоспарын құру. Маркетингтік зерттеулердің жоспарының жіктелуі. Іріктеме, шкалалауды жоспарлау және бюджетті құру түсініктері. Ақпаратты жинау. Далалық зерттеулер персоналын даярлау. Таңдау. Дайындық, ақпаратты талдау және маркетингтік зерттеулердің нәтежиесі бойынша есептемесін әзірлеу.
Маркетингтік зерттеу процесінің екінші кезеңі зерттеу жоспарын жасау, іріктемені жоспарлаудан тұрады.
Маркетингтік зерттеу жоспары – маркетингтік зерттеу проблемасын шешу немесе қажетті ақпараттарды жинауға бағытталған, зерттеу тұжырымдамаларын жүзеге асыру әдістері көрсетілген негізгі құұжат. Оны жасау келесі бағыттар бойынша негізгі процедуралы шараларды зерттеу әдістемесі мен техникасы, жұмысты орындау кестесі мен оны орындауға жауаптыларды тіркеуді қажет етеді:
зерттеу тұжырымдамасын анықтау;
маркетингтік зерттеу типін таңдау – іздеушілік, дискриптивті және каузалды;
өлшеу және шкалалау процедураларын анықтау;
анкета жасау және ақпарат жинау үшін сауалнама жүргізу;
іріктеме процесі мен оның көлемін анқытау;
дала жұмыстарын жүргізу жоспарын жасау және мәліметтерді талдау;
Іздеушілік зерттеу маркетингтік зерттеу проблемасын түсінуге көмектесетін идеяларды генерациялау мен ақпарат жинауға бағытталған. Ол ірі және белгісіз проблемаларды, шағын нақты проблемаларға бөлуде қолданылады.
Қортынды зерттеу белгілі бір жағдайда басқарушылық шешім қабылдау үшін іс-әрекеттің ең дұрыс вариантын бағалау, анықтау және таңдауға бағытталған.