Маркетингтік зерттеудегі ақпарат
Маркетингтік зерттеудегі ақпарат.
Мазмұны: Маркетингтік ақпараттың мәні және құрамдастары. Маркетингтік ақпараттың қалыптасу мақсаттары. Маркетингтік ақпараттардың ерекшеліктері. Маркетингтік ақпараттардың қалыптасу қағидалары.
Маркетингтік ақпараттардың жіктелуі. Ақпарат көздері және олардың сипаттамалары.
Маркетингтік ақпарат көздері. Екінші және бірінші реттік ақпараттар.
«Ақпарат» түсінігі латын тілінен аударғанда мағлумат беру дегенді білдіреді., заңды немесе жеке тұлғалар, белгілі бір құбылыс немесе процесс туралы мәлімет алу құралы, қарым-қатнас формасы.
Кәсіпорындарда ақпараттарды талдау, жинау және өңдеу тиімді маркетингтік шешім қабылдау үшін нарықтық процестерді бағалауды немесе талдауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Маркетингтік ақпараттардық қалыптасуы келесі мақсаттарға сәйкес болады:
тікелей- кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау және болжау үшін пайдалы түрде жиналған ақпараттарды ұсыну, жүйелендіру және құрлымдау;
аралық-уақытылы маркетингтік шешімдерді қабылдау мен интуитивті қортындыларды генерациялау үшін кәсіпорын жетекшісі жағынан жиналған мәліметтерді қарау, бағалау және топтастыру;
соңғы-жетекшілік деңгейде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін нарықтағы кәсіпорынның ұстанымын бағалау, нарықтың даму заңдылықтары мен тенденцияларын , кәсіпорынның әрекет ететін маркетингтік органдарына құбылыстар мен нарықтық процестердің ықпалын анықтау.
Маркетиингтік ақпараттардың ерекшеліктері:
ақпараттарды жинау процедурасы мен ақпараттарды жүйелендіруді талап ететінқажетті мәліметтердің өте үлкен көлемінің болуы;
белгілі бір уақыт интервалында динамикалық өзгермелі ақпараттарды алу циклы көп рет қайталанады. Осыған байланысты ақпаратты күнделікті жинау және өңдеу маркетинтік ақпараттық жүйені құруды талап етеді.
Ақпарттарды жинау процесі мәліметтерді алу көзінің алуан түрлі болуына байланысты қиын болады.
Сапалы зерттеу негізінде алынған құрлымды ақпарттардың әлсіз үлесі артады, бұл мәліметтерді жинау және талдау процесінде белілі бір қиындықтар туғызады.
Маркетингтік ақпараттар қағидалары:
1. өзектілік.
2. сенімділік.
3. релеванттылық
4. толық болуы
5. салыстырмалылық
6. қабылдау үшін қол жеткілікті болуы.
7. үнемділік
8. ақпараттарды пайдалану қолайлылығы.