Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары.
Мазмұны:Маркетингтік зерттеулерде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі: нарық жағдайын талдау көрсеткіштері, сұраныс пен ұсынысты, тұтынушылардың тауар, қызметке талабын талдау көрсеткіштері, фирманың шаруашылық қызметін талдау көрсеткіштері және т.б
Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.
Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.
Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.
Объект ретінде шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік белсенділігін көрсететін нарық, сонымен бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу қызметі саласындағы онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар болуы мүмкін.
Маркетингтік зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші рөл атқарады және шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады.
Маркетингтік зертеулерді жүргізуге қажеттілік мына жағдайларда болады, егер шаруашылық субъектісі:
қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;
бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;
өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;
инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса;
сегментеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса.