Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастыру
Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастыру
Мазмұны:Маркетингтік зерттеулерді зерттеу бағыттары, қолдану аумағы, зерттеушілік дизайні, белгіленген мақсаттардың түрлері мен зерттеулер типтері, қолданылатын ақпарат көздері, алынатын нәтежиелер сипаты, мәселені қамту аумағының дәрежесі, зерттеулер жүргізудің жиелелеге, қызығушылықтар саны, территориялық қамтылуы, зерттеулерді жүргізудің ұйымдық нысаны сияқты көрсеткіштердің жіктелуі. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қағидалары.
Маркетингтік зерттеулердің міндеті стратегиялық және тактикалық сипатқа ие бола отырып, шаруашылық субъектінің бәсекеқабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының ықпалының дәрежесін анықтауға бағытталады. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:
сыртқы, маркетингтік макроортаның, тұтынушылардың, бәсекелестердің, делдалдардың, жеткізушілердің, байланыс аудиториялардың факторларын зерттеуге бағытталған;
ішкі, шаруашылық субъектінің ішкі ортасын зерттеуге бағытталады ( өндіріс, қаржы,ҒЗЖКЖ, маркетинг, ұйымдастырушылық құрлым және менеджмент, персонал және корпоративті мәдениет)
Объектілері мен міндеттеріне байлансыты маркетингтік зерттеудегі келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады: нарық, тұтынушылар, бәсекелестер, нарықтың, тауардың, бағаның, тауар қозғалысы жүйесінің, өткізуді ынталандыру мен жарнаманың, шаруашылық субъектінің ішкі ортасының фирмалық құрлымы.
Маркетингтік зерттеулер түрлері көп, және оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Пайдалану саласы бойынша оларды екіге бөлуге болады:
1. Проблемаларды анықтау үшін маркетингтік зерттеулер, жасарын емес немесе болашақта шығатын проблемаларды анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай проблемаларды анықтау үшін мынадай маркетингтік зерттеулер жүргізіледі: нарықтың сыйымдылығы, үлесі, конъюктурасы және де басқа да көрсеткіштері; шаруашылық субъектінің имиджі мен оның тауарлары мен көрсететін қызметтері; өткізу динамикасы; болжамдық зерттеулер; іскерлік тенденциялар.
2. маркетингтік проблемаларды анықтаудан кейін немесе оларды шешу әдістерін іздеу мақсатындағы мүмкіндіктері немесе проблеманы анықтаудан кейінгі жүргізілетін проблемаларды шешу үшін маркетингтік зерттеулер.