Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастыру
Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастыру
Мазмұны: Маркетингтік зерттеулердің мәні, маңызы. Маркетингтік зерттеулердің мақсаты, міндеттері және оъектілері, пәні. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қажеттіліктері. Маркетингтік зерттеудегі тұтынушылар құрлымына анықтау және оларды сипаттау.
Маркетингтік зерттеу дегеніміз. Маркетингтік проблемаларды шешудегі және оның тиімділігін арттыруға бағытталған ақпарттарды жинау, талдау және таратудың жүйелендірілген объективті процессі.
Оның негізгі мақсаты белгісіздік деңгейін төмендету мен маркетингтік шешімдерді қабылдау үшін ақпараттық-аналитикалық база құру болып табылады.
Міндеті-ақпарттық қажеттіліктерді бағалаудағы және оъективті, сенімді, негізгі, жаңа ақпарттарды жинау.
Мұндай зерттеудің құралы болып нарықтағы маркетингтік қызмет, сонымен бірге нарықтық процестер саналады.
Зерттеу объектісі болып, шаруашылық субъектінің өзі, оның әрекет етуші маркетингтік ортасы және тауарлық, бағалық, коммуникациялық пен өткізу қызметіндегі маркетингтік шаралар есептеледі.
Маркетингтік шешімдердің тиімді қабылдау көздері болып келесілер саналады: мақсат пен стратегиядан тұратын маркетинг жоспарын құру. Маркетингтік қызметтің тиімділігін көтеру жолдары мен ревизия, аудит және бақылау.
Маркетингтік зерттеу жүргізудің қажеттіліктері шаруашылық суъектінің келесі жағдайларында пайда болады:
қойылған маркетингтік және корпоративтік мақсатына жетпеген жағдайда;
бәсекелестік белсенділік пен бәсекелестік стратегияның тиімділігін бағалауда;
өсу стратегиясын жүзеге асыруды жоспарлауда;
инвестициялық жобалармен байланысты жаңа протфелдік стратегияны жасауда.
Сегменттеу мен позициялаумен байланысты функционалды стратегияны таңдауда;
Мақсатты нарықта маркетингтік күштің тиімділігн көтеру мақсатында маркетинг кешенін басқарудағы оңтайлы байланысты таңдауға мүмкіндік беретін, инструменталды стратегияны жүзеге асыру аудиті мен ревизиясы, бақылауын жүргізуде
Маркетингтік зерттеудегі тұтынушылар: тұтынушылық нарық,өндірістік сипаттағы тауарлар нарығы, ағымдағы сатушылар нарығы, мемлекеттік мекемелер нарығы, халықаралық нарық.