Менеджменттегі жоспарлау

Менеджменттегі жоспарлау.
Мазмұны: Барлық басқару қызметінің ішінде жоспарлау ең елеулі болып саналады, өйткені мұның өзі кез келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі қызметтердің бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт қызметі түрінде (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай – ақ жоспарға сәйкес көздеген мақсатқа жету үшін бақылайды.
Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңнен тұрады:
жалпы мақсатты ойластыру;
белгіленген біршама уақыт кезеңі (2,5,10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;
оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
Ірі бағдарламаны шешкен кезде кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды болады.
Мәселен, жоспарлаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:
1. бар мүмкіндікті бағалау;
2. басты міндет немесе мақсат;
3. жоспарлы ұсыныстар;
4. баламалар, баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;
5. баламаларды таңдау;
6. қосалқы жоспарларды тұжырымдау;
7. жоспарды цифр түрінде көрсету;
жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және дамытуға тырысады. Сондықтан да жоспарлардың сенімділігі бұрынғы нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді.
Мұндай сенімділікті қамтамасыз ету дәл бухгалтерлік есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін емес екендігі айқын.
Кәсіпорын әрқашанда жалпы нарықтың шағын бөлігі болып саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.
Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономиканың дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда нарық көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау соғұрлым оңай келеді. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.
Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін қажетті ақпараттар толық болмайтындықтан, кейбір деректер жетіспейтіндіктен, жоспарлау сапасы көбінесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.
Осыған орай жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдаланылуы, сонымен қоса жоспар жасағанда өзгеріс енгізілетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жағдайдың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің тым көп болуы жоспардың дәлдігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткіштерін нақты айқындау және оның орындалуын үйлестіру мен бақылау басшының иелігінде. Демек, кәсіпорынның жоспарлы жүйесі, кәсіпорынның сан алуан саласының қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспарлардан тұрады.
Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағы да атап көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады. Жоспарлаудың екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты бағыттары бойынша жоспар жасау. Онда жекелеген міндеттер қойылып, ақша, сондай-ақ сандық көрсеткіштері айқындалады.
Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (актив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бағыт өтімділікті – кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жекелеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады да, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.