Жүйелерді және оның құрамын анықтау

Жүйелерді және оның құрамын анықтау.
Мазмұны: Жүйе – біршама шартты, абстрактылы ұғым. Сандық, байланыс, білім беру түріндегі жүйелер де болады. Жүйелердің біреуі физикалық, техникалық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке көлік немесе көлік кешені де, яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсенің өзі жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.Жүйелілік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып табылады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы туралы жазып және қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсеткен болатын. Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама берген:«Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектілердің немесе кешенді комплекстер кешені болып табылады, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ал, ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэндом-фоус» фирмасы жүйеге мынадай анықтама беріп отыр: «... белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдың, реттелген және көлемді фактлердің, принциптердің және т.б. жиынтығы».Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі нышаны болады. Дегенмен, алуан түрлі бола тұрса да, бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
1. техникалық;
2. биологиялық;
3. әлеуметтік, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты, әрі белгілі бір әдіспен өзара әрекеттеседі. Жүйедегі өзара әрекеттесу элементтердің арасындағы өзара байланыс арқылы көрінеді, ал бұлардың өзі заттық немесе ақпараттық болуы мүмкін.
Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекелеген элементтердің ұйымдасқан бірлестігі, ал оның бірлескен жеке бөлігі – жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылым. Әр деңгейдегі жүйе өзінің белгілерімен және ерекшеліктерімен ажыратылады. Алайда, олардың барлығы құрылымдық заңдылықты және жүйенің жоғары дәрежеде жұмыс істеуін көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген өндірістік бөлімшелер, басқару буындары атқаратын міндеттер жүйедегі жалпы түпкі саясатқа жетуге бағытталған.Ашық және жабық жүйелер.
Жүйенің негізгі екі типі болады: жабық және ашық.
Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, оның іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Мәселен, кәдімгі сағат-жабық жүйе болып табылады, өйткені оны бұрағанда тетіктері тоқтаусыз әрі дәл жүретін болады. Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде, оның жүйесі қоршаған ортаға тәуелсіз.
Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар – бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер.
Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, оның өмір сүруі сыттан келетін энергияға, мәліметтерге және материалдарға тәуелді болып келеді. Сонымен қоса, сыртқы ортаның бейімделгіштігіне байланысты ашық жүйенің қабілеттілігі болады және де ол жүйенің одан әрі дамуына әсер етеді. Басшылар негізінен ашық жүйемен жұмыс істейді, өйткені барлық ұйымдар ашық жүйеге жатады.Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер, капитал, адам ресурстары мен материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады. Түрлендіру процесінде ұйым осы компоненттерді өңдеп, оларды өнімге немесе қызмет көрсету үшін түрлендіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан сыртқы ортаға шығатын компоненттер болып табылады. Егер ұйым тиімді жұмыс істесе, онда түрлену процесіне енетін компоненттердің қосымша құны пайда болады. Ал осының нәтижесінде, пайда, нарық үлесінің ұлғаюы, сатылатын заттардың көбеюі (бизнесте), әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру ұйымның өсуі секілді қосымша шығу компоненттерінің пайда болуына әкеледі.
5.Тақырып. Құрылымға қойылатын талаптар және оны анықтаушы факторлар.
Мазмұны: Менеджмент қызметі - өндіріс процесіндегі адамның қарым-қатынасына және оны басқаруға ықпал жасау кезеңіндегі немесе бағыт анықтайтын ерекше іс-әрекет түрлері.
Менеджмент функциясын жіктелу белгілері есебі бойынша қарастыру қажет (басқарудың өзіндік процесінің негізгілері және өндіріс процесінің өзін), соған байланысты жалпы және нақты қызметтерді ажыратады. Жоспарлау – бұл басқару процесінің бір кезеңі. Бұл кезеңде іс-қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да заттар. Сонымен бірге нақты жағдайлардағы ең тиіс әдіс-тәсілдер жасалынады. Стратегиялық жоспарлау – басшы қабылдаған іс-әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, ұйымның болашақта тиімді, ұтымды жұмыс жасау мақсатын қамтамасыз етуге қажетті ресурстарды белгілеу, анықтау, алу, оларды үнемді бөлу. Индикативтік жоспар – бұл мемлекет экономикасының даму және қазіргі жағдайын сипаттайтын индикаторларды, басымдылықтарды, міндеттерді қалыптастыру процесі, сонымен бірге белгіленген нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттік ықпалды ұйымдастыру. Бизнес-жоспар – бұл фирманың, ұйымның белгілі уақыт аралығында даму бағытын айқындайтын құжат.
Бизнес-план 3 негізгі қызметті орындайды:
1) Кәсіпкердің белгілі уақыт аралығында нақты іс-қызмет нәтижесін бағалау құралы болып есептелінеді.
2) Болашақ бизнес консепциясын жасау үшін қолданылады
3) Қаражаттарды табу құралы.