Қай қойылым көңіліңізден шықпады?
Осы уақтықа дейін көргендеріңізден қай қойылым көңіліңізден шықпады? Не жетіспейді? Несімен сүйкімсіз?
Ассалаумағалейкүм! Көңілімнен шықпаған пьесалар - "Қамар сұлу" мен "Мөлдір махаббатта" да бірінші бөлімі іш пыстырып жібереді. Әрине, кез келген пьесада бірінші бөлім дайындық ретінде қарастырылады, яғни кейіпкерлердің мінез-құлқы, айналасындағы өмірі жалпылама түрде көрсетіледі. Бұл - дұрыс нәрсе. Тек бірінші бөлімнің 3-4 көрінісінен соң ғана кейіпкерлерге ситуация беріледі. Сол ситуацияға кейіпкерлер бірінші бөлімнің соңында дайындалады. Айталық, енді-енді көріне бастайды шынайы бейнелері. Екінші бөлім басталысымен, әлгі ситуацияға кірісу кезеңі қалыптасады. Екінші бөлімнің соңына шейін коллизия өрбиді, кейіпкерлердің маскалары ашылады. Екінші бөлімнің соңы - шешімі. Бірақ аталмыш пьесаларда ситуацияға дейінгі көрініс дұрыс қалыптаспаған. "Мен ішпеген у бар ма" пьесасында да осы нәрсе. Қысқасы, пьесаның бірінші бөлімі шынайы болу керек. Жасандылық болмауы тиіс. Екінші бөлімге жетектейтін коммуникативтілік болмауы керек. Екі бөлім де тұтас бір өмір көрінісін көрсетуі керек. Жамап-жапсырма болмағаны жөн.