Майкл Джорданның балалық шағы
Майкл 1962 жылы Бруклинде өмірге келеді. Әкесі Джеймс Джордан АҚШ Әскери Әуе Қызметінде жұмыс жасаған, ал анасы Делорис Пиплс банк қызметкері. Майкл отбасындағы бес баланың төртіншісі болатын. Оның екі ағасы : Ларри, Джеймс, әпкесі Делорис және қарындасы Розлин. Бірақ көп ұзамай оның отбасы Солтүстік Каролина штатына қарасты шағын қала Уилмингтонға қоныс аударады. Басқа бауырларына қарағанда еріншектігімен, бірақ, доп ойнауға деген құштарлығымен жастайынан ерекшеленген Майкл балалық шағы туралы былай деп ой тербейді: Бес жасында алғаш рет баскетбол ойынына куә болып, ҰБЛ-дағы (НБА) кәсіпқойлар сияқты допты шығыршыққа үстінен салуға қатты құмарта бастайды. Сегізінші сыныпта оқып жүргенінде (ол кезде бойының ұзындығы небәрі 173 см. бола тын) тұңғыш рет допты шығыршыққа төбесінен енгізген. Бұған дейінгі жаттығулардың бірде-біреуінде дәл бұлайша биікке секіріп көрмеген. Ал сол жолғы ойында ол тура қанат біткендей тым биікке көтеріліп, допты шығыршыққа атып ұрды. Майкл Джордан тек өзінің қиялындағы емес, сон дай-ақ баскетбол добын қолына алған сан мыңдаған спортшы армандаған ұлы баскетболшыға айналды. Миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулаған ол тек Американың емес, күллі әлем бас кетболының шоқ жұлдызы ретінде танылды.
Майклдың анасы да ұлының балалық шағынан-ақ даңқты баскетболшы болуға тал пын ғанын растайды. Майкл шамамен 11-12 жасында өзінің қайткенде де Олимпиадаға қатысатындығын айтып, анасына уәде берді. Арманы 1984 жылы орындалды, 22 жасар Майкл ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. Даңқты ұлын әкесі Джеймсте мақтан тұтқан. Майкл өзінің туған ағасы Ларримен үнемі бірге баскетбол ойнап, бастапқысында өзінен төрт жас кіші інісін Ларри ұтып кететін. Бірақ жыл өткен сайын Майкл есеп айырмасын айтарлықтай қысқартып отырды. Ал он беске толған шағында ол өзінің ағасын ұта бастады. Майклдың ата-анасы туралы сөз қозғағанда, оның анасына тартқандығын айта кеткен абзал. Өйткені Джордандар тұқымында бойшаң адамдар әсте болған емес. Олардың ең ұзын дегенінің өзі 183 сантиметрден аспаған көрінеді. Сондай-ақ Майклдың өзі де бойының ұзын болуы үшін аянбай тер төгіп, осы мақсатқа арналған жаттығуларды үзбей жасап отырған. Кім біледі, соның арқасы болар 18-ден 19-ға қараған жылы оның бойы 12,5 сантиметрге бір-ақ секіріп, 198-ге жетеді. Оның Эмсли Лэйни мектебінің қабырғасындағы жаттықтырушысы Фред Линч болатын. Майкл 9-сыныпта оқып жүргенінде бойының ұзындығы 183 см. Болған. Сол кездің өзінде ол алаңға мектептің негізгі құрамында шыққысы келетін. Бірақ ол сол тұста жоғары сынып оқушылары әкелетіндей нәтижеге қол жеткізе алмайтын-ды. Әйтсе де Майкл өзінің табандылығының арқасында бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде негізгі құрамнан команданың белді ойыншысы ретінде орын алды. Ал 11-12- сыныптарда оқып жүрген шағында ол тек мектебіміздің емес, сондай-ақ бүкіл Солтүстік Каролина штатының үздік ойыншысы болып табылды. Ал кейінірек АҚШ оқушылары арасындағы үздік он баскетболшының қатарында Майклдың да есімі аталды. Майкл баскетбол және басқа да жеңіл атлетикалық жарыстарға деген құштарлығының кесірінен сабаққа мүлдем көңіл бөлмеген. Тек жоғары сыныптарға жеткенде ол өзінің қателігін түсініп, орташа баллын жоғарлатуға ұмтыла бастады. Ол әсіресе математиканы жақсы меңгеріп шыққан. Мектепті бітірісімен Майкл баскетбол бағдарламасына жете көңіл бөлінген Солтүстік Каролина университетінде оқуға ше шім қабылдайды. Оның мықты баскетболшы ретінде қа лыптасып, үлкен же тіс тіктерге жетуіне осы білім ор дасының көп көмегі тиді деуге толық негіз бар. Бұл жерде де Майкл үшін оқудан гөрі өзінің сүйікті ойыны баскетбол маңыздырақ болғаны жасырын емес. Дегенмен ол университеттің негізгі құрамына бірден алына қоймады.Мұндағы бапкерлер назарын өзіне аударту үшін тағы да біраз тер төгуіне тура келді. Ақыры 1982 жылы жоғары оқу орындары арасындағы турнирде ол көпшілікті мойындатты. Джорджтаун университетімен финалдық кездесуде бәсекеге түскен Солтүстік Каролина университеті жиырма жасар, бірінші курстың студенті Майкл Джордан салған шешуші голдың көмегімен жеңіске жетті. Осы оқу ордасының қабырғасында-ақ Майкл ұшатын, әуе Джорданы деген лақап аттарға ие болды. Солтүстік Каролина университетінің баскетболы Майкл Джордан мен Сэм Перкенсонның арқасында АҚШ ЖОО-лары-ның арасында үш жыл бойы үлкен нәтижелерге иек артты. Майкл Джордан өмірінің жарқын беттері әйгілі «Чикаго буллз» командасымен тікелей байланысты екені даусыз. Осы команданың капитаны бола жүріп ол үлкен биіктерді бағын дырды, талайды тамсандырды.