Ең мықты баскетболшы туралы біле жүріңіздер?
Майкл Дже́ффри Джо́рдан ( (ағыл.) Michael Jeffrey Jordan; 17 ақпанда 1963 жылы , Бруклин, Нью-Йорк қаласында дүниеге келген) — американ баскетболшысы. NBA-ның бұрынғы ойыншысы. Ойында шабуылдаушы-қорғаушы позициясында өнер көрсетті. 1980-1990 жылдары бүкіл әлемде ҰБЛ (НБА) мен баскетболды кеңінен насихаттау жолында Джорданның үлесі оразан зор болды. Өз еңбек жолын 1982-1984 жылдары Солтүстік Каролина Университетінің баскетбол командасында ойнаумен бастаған Джордан 1982 жылы NCAA біріншілігінде жеңіске жетті. 1984 жылы Джордан «Чикаго Буллз» командасының құрамында өнер көрсете бастады. Биікке керемет секіру қабілетінің арқасында ол «Air Jordan» лақап атқа ие болды. Ол сонымен қатар баскетбол тарихындағы ең үздік қорғаушы болып табылады. 1991 жылы «Буллз» құрамында ол өзінің тұңғыш ҰБЛ чемпионатын жеңіп алды. 1992 жылы және 1993 жылы ол өз жетістігін қайталады. Әкесінің қазасынан кейін баскетболдан кетпек болған Джордан бейсболда бағын сынап көрмек болды. Алайда 1995 жылы баскетбол аланына кері оралып, «Буллз» командасына тағы үш атақты жеңіп беріп, ҰБЛ-ның бір маусымда жеңіске жеткен матчтар саны бойынша рекордын жаңартты. 1995-96 жылғы маусымда 72 мәрте жеңіске жеткен. 1999 жылы Джордан тағы да баскетболмен қоштаспақ болды, алайда 2001 жылы тағы екі ойын маусымында «Вашингтон Уизардс» жейдесін киіп, сол құрама сапында өнер көрсетті. 1984 жылы Джордан Nike фирмасымен жарнама келісімшартына отырды, бұл компания Джордан мырза үшін әдейі Air Jordans кроссовкасын ойнап тапқан болатын. Бұл жобаның табысты болғаны сонша, соңында Air Jordans жеке дара спорттық киім үлгісінің брендына айналды. 1996 жылы Джордан өз түралы «Космический матч» көркем филіміне де түсті. Oakley Inc компаниясының басқарушылар құрамына кіреді. Бүгінгі таңда «Шарлотт Бобкэтс» командасының иесі болып табылады. Осылайша Майкл Джордан ҰБЛ клубын иеленген тұңғыш ойыншы.