Тобық Жармағамбетовтың кітаптарын білесіздер ме?

Тобық Жармағамбетовтың кітаптарын білесіздер ме?

Жармағамбетов Тобық (1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы — 1973, Ақтөбе қалысы) — жазушы. Қазақ мемлекеттік университеттін бітірген (1957), Жарқамыс орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеген. Алғашқы “Ескі жұрт” атты әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарық көрді. Осы әңгіме 20 ғ-дың 60-жылдарының басында жарық көрген жас прозашылардың “Жол басы” деп аталатын тұңғыш жинағына енді. 1960 жылы Ақтөбе облысы теледидары ашылып, Жармағамбетов оның алғашқы бас редакторы болды. Кейін облыстық “Коммунизм жолы” (қазіргі “Ақтөбе”) газетінің әдебиет бөлімінде жұмыс жасай жүріп, отандық әңгіме жанрының дамуына қосылған елеулі үлес боп табылатын “Екі жүрек” (1968), “Қызыл ай” (1970) әңгімелерін, “Нәзік бұлттар” (1966) кітабын жариялайды. Қаламгердің таңдамалы шығармалары “Ақ жауын” деген атпен жарық көрді (1984).