махаббат жасқа қарай ма?

қалай ойлайсыздар қыз жігіт арасындағы жас айырмашылық махаббатқа кедергі бола алама?мысалы;қыздың жасы жігіттен үлкен немесе жігіттің жасы қыздан үлкен.

tyfghjkl
мен өзімнен тоғыз жас үлкен адамды жақсы көремін. кедергі жоқ демеймін. сыйластық болады, түсініспеушілік болмайды үлкен жігіттермен деген әңгіменің бәрі далбаса!!!!

ал егер қыздың жасы үлкен болса ше ? ешқандай кедергі жоқ па?
Жеке пікірім, жігіттің жасы үлкен болғаны дұрыс қой, жалпы жігіт қыздан қай жағынан қарасаң да ілгері болғаны дұрыс деп ойлаймын. Қыздың жасы 2-3 жас үлкен болса ештеңе етпейді, ал егер одан да үлкен болса, ондай отбасылар шырайы түбінде шытынап кетеді-ау
Қызық... өткен күн естелігі... Өзімнен 13 жасқа үлкен жігіт сөз айтып, ғашық болғаны бар еді... Мен отбасымның тұңғышымын, ата-анам жас адамдар. Ол жігітке тұрмысқа шықсам, ата-анамнан 6-7 жасқа кіші болады екен (жігітім). Осының бәрін оған түсіндіп қош айтыстық, жылдан аса уақыт хабарсыз кеткен сол жігіт қайтадан маған ғашық сөздерін айтып келді, сірә, жыл жарым уақыт ұмытпаса, шын ұнатқаны болар... Мен тағы да қайтарып жібердім. Негізі ол өте жақсы жігіт, жаман қылықтары жоқ, кішігірім кәсіптің басшысы болатын. Егер ата - анам үлкен адамдар болса, кім білген, қазір сол жігіттің жары болып жүрер ме едім?! Бірақ кейде сезіміңді ақылыңа жеңдірген дұрыс-ау деймін... Ия, жүректегі сезімнен гөрі ақылыңды көбірек тыңдаған дұрыс екен...
Қазір енді өзімнен 7 жасқа үлкен жігіт сөз айтып жүр. Ммммм... ойланып жүрмін. Күйеуге шығу қиын емес - ау, сөз айтып, ұсыныс жасайтын жігіт қашанда табылады. Бірақ кейінгі өмірімді көп ойдаймын. "Ол адаммен жарасып тұра алам ба???"
қыз жігіттен үлкен деген вариант болмауы керек мүлдем!!!!
тең теңімен болғаны дұрыс сияқты, бірақ ешкім алдында не күтіп тұрғанын білмейді, бәлкім, бастысы - көңіл жарастығы шығар...
Анам мен әкемнің арасы, әпкем мен жездемнің арасы 9 жыл.
Так што менен 9 жылға үлкен жігіттер бар ма екен?
махаббат жасқа қарамайды деген шындық ау. менің анам мен әкемнің аралары 2 жас,яғни әкем анамнан 2 жас кіші. үлкен әпкем мен жездемнің арасыда дәл солай. егер сезім шынайы болса онда тұрған ештене жоқ сияқты.