Жақсы көрем...

Достар, енді нені жақсы көретінімізді айтайық :) Мен мысалы мойымайтын қайсар және жүректері таза сосын өзін-өзі күтіп жүретін адамдарды жақсы көрем... Соның ішінде...Сұлулықты сүйем...Әлем негізі әдемііііі :)

ал мен атанамды, ажемді жақсы коремін! мен үшін олардан қымбат жан жоқ бұл әлемде!
Әдемі гүлдерге қарағанды және гүлдерімді суғарып, оларды еркелеткенді жақсы көремін
Жаңбырды жақсы көремін, тіпті қатты қатты қатты жақсы көремін :)




Менде жаңбырды өте қатты жақсы көремін. Қолшатыр мүлдем ұстамаймын. Жауыны көп Алматымды сағындым. Қарағандыда көктем басталғалы бір ақ рет жаңбыр болды
Әдемі гүлдерге қарағанды және гүлдерімді суғарып, оларды еркелеткенді жақсы көремін



Көрініп тұр гүлдерді сүйетініңіз!
Кызылорданын шаңын)))) :lol:
шайдай ашық аспан мен жаңбырды,жапалақтап жауған қарды, ыстық-ыстық шәй мен жылы-жылы сөздерді,нәзік роза гүлдерін жақсы көремін
Мен ауылдағы уйімнің жанындағы бақщада жатып аспаннан маған күліп жыпырлап тұрған жұлдыздарға қарап армандағанды жақсы көремін. Кешке батып бара жатқан күнге қарағанды жақсы көрем. Көңіліме жақын музыка тыңдағанды жақсы көрем. Құрбыларыммен қыдырғанды жақсы көрем, Алмытның жазғы кештерін жақсы көрем. :) Валерий Меладзені жақсы көрем)))
мен көлде, өзенде, теңізде, т.б. таза су қоймаларында малтығанды жақсы көремін..!
мен нені жақсы көретінімді әлі айтпадым ба :lol: :lol:
ademilik barlik adamga unait dep oilaim :?: men jap-jasil ,ozeni sarkiragan jerde demalgandi jaksi korem .