Жалған Махаббат
Жалған махаббат....
Жаздың жайлы түнінде,
Таныстым сол қызбенен.
Махаббат деп ойладым,
Алғаш көрген кезімнен.
Жақсы араласып сол сәттен,
Күндіз түні сөйлестік.
Ажырамасын деп арамыз,
Сол сөзбенен келістік.
Хабарласып тұрдым мен,
Көрісіпте әркезде.
Бақыт дедім соны да,
Ойлағаным сол кезде.
Қасымда сол қыз болмаса,
Олсыз жаным қиналды.
Көріспеген себептен,
Сағыныш сезім жиналды!
Қоңыр шашын аңсадым,
Ботадай оның көзінен.
Күннің көзімен шағылысқан,
Тамсандырған көркінен.
Алақаны аппақ қой,
Жұмсақ екен мақтадан.
Сөйлегені жағымды,
Жақсы естіліп құлақтан.
Екеуіміз екі аққу аспанда,
Ұшып келе жатыр қалықтап.
Міне осы тәп-тәтті ғой сезімде,
Екі ғашық қарасаңдар анықтап.
Уақыт өтті арада,
Кеттім ұзап алысқа.
ОТАН үшін не істейсің?
Амал жоқ қой бармасқа.
Ойланды сезім бір сәтте,
Дірілдеп денем шошынып.
Қызым қалды жалғыз деп,
Билеп кетті қорқыныш.
Алайда олай болмады,
Махаббат гүлі солмады.
Тағыда терең күрсініп,
Көңілімде толмады.
Хабарласып қызыммен,
Рахаттанып жүрдім мен.
Күлкісі де қуантып,
Сүйдім деген сөзінен.
Бір сәт өтті арада,
Хабарсызда кеттім мен.
Себеп болды соғанда,
Айлар өтті көрмеген.
Телефон түсіп қолыма,
Теріп нөмірін осыма?
Тапшы мына қызды деп,
Айттым менің досыма.
Лезде тапты сол қызды,
Берді маған нөмірін,
Тере салдым тезірек,
Көтерем деп көңілін.
Алло! Деп біреу көтерді,
Сізден маған не керек?
Мен ғой жаным арманым,
Атымды айттым өзім деп.
Шаншып кетті жүректі,
Бұлттар киіп қара тон.
Сөйлеспестен тыстады,
Үнсіз қалды телефон.
Хабарластым достарға,
Білдім барлық жағдайды.
Жігіті оның бар екен,
Көңілім бірден құлайды.
Неге мені тыстады?
Өшкен ғой сезім арада.
Ауыр соққы тигізді
Маған қалған соңында.
Қайғырдым қатты тұрмастан,
Жастар кетті тамшылап.
Жалғыз деген сөздерде,
Жүрегімді жұлмалап.
Жалған екен махаббат,
Болған біздің арада.
Бекер сүйген сөздерде,
Ұшып кетті-ау ауада.
Барлығында көрдіңдер,
Сезім мүмкін сұр жылан.
Достарым-ау алданбаңдар ешкімге,
Алданбаңдар Ешқашан!
Авторы: Қасымхан Сатиев