15 cәуір - Ғашықтар күні

[color=#0000BF:2otua045]Бәріне сәлем! 15 сәуір - Ғашықтар күні. Қарап отырсақ, өзіміз қабылдай бермейтін 14 наурыз күнінің символы ашықхаттар беру, гүл т.б. сыйлықтар беру. Қозы Көрпеш - Баян сұлу күніне жалпыхалықтық сипат беру үшін ең алдымен осы күннің дәстүрін ойлап табуымыз керек. Менің ұсынысым - осы күні бір-бірімізге аққу символы сыйлықтар берсек. Ол мысалы аққу суреті бар ашықхат, аққу суреті бар кітапша, аққу суретті естелік зат, аққуы бар сақина т.б.болуы мүмкін. Достар, осы күннің дәстүрін жасайық. Кімде қандай ұсыныс бар?
Ең үздік дәстүр ойлап тапқан юзерімізге тосын сыйымыз бар!
[/color:2otua045]

Мен үкіні ұсынар едім. Үкі - қазақ халқында бағзы замандардан бері пәктіктің, сақтықтың, адалдықтың нышаны болып келе жатыр. Немесе орамал сыйлауға болатын сияқты.
Жүректің суреті несімен ұнамай қалды сізге??? Ол деген бүкіл әлем бойынша қабылданған махаббаттың белгісі емес па???
[quote:u09wkad7][color=#0000BF:u09wkad7]Бәріне сәлем! 15 сәуір - Ғашықтар күні. Қарап отырсақ, өзіміз қабылдай бермейтін 14 наурыз күнінің символы ашықхаттар беру, гүл т.б. сыйлықтар беру. Қозы Көрпеш - Баян сұлу күніне жалпыхалықтық сипат беру үшін ең алдымен осы күннің дәстүрін ойлап табуымыз керек. Менің ұсынысым - осы күні бір-бірімізге аққу символы сыйлықтар берсек. Ол мысалы аққу суреті бар ашықхат, аққу суреті бар кітапша, аққу суретті естелік зат, аққуы бар сақина т.б.болуы мүмкін. Достар, осы күннің дәстүрін жасайық. Кімде қандай ұсыныс бар?
Ең үздік дәстүр ойлап тапқан юзерімізге тосын сыйымыз бар!
[/color:u09wkad7][/quote:u09wkad7]
14 наурыз емес,14 ақпан дегініз келген шығар
Кеш жарық достар, бір-бірімізге не сыйласақ та, шын жүректен берілсе болды емес пе? :) Жігіттер қызына гүл сыйласын, ал сұлулар... сұлулардың қасымызда жүргендері сый емей немене....
Аққу жақсы сияқты, себебі аққулар сыңарынсыз өмір сүрмейді :)
Менің ұсынысым түнгі сағат 12-00 де тұрып бір-бірін құттықтап келесі 15 сәуірге дейін бірге жүрейік осылай деп тілек айтсын
"Nurzhan Nagashbekov" Кеш жарық достар, бір-бірімізге не сыйласақ та, шын жүректен берілсе болды емес пе? :) Жігіттер қызына гүл сыйласын, ал сұлулар... сұлулардың қасымызда жүргендері сый емей немене....

Нұржан бауырым дұрыс айтып кетіпті. Қыз деген гүл емес пе, қыздың сыйлық беру міндетінен құтылдырайық :lol:
Қызғалдақты символ ретінде алу керек. )
арине гашыктар кунинде ен керемет сыйлык ол оз колыннан жасалган сыйлык........мысалы сыйлыкты карапайым заттан бастауга болады кестели орамал сыйлауга болат,орамалга акку бейнесиндеги сурет салуга болат...