Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын қа

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын қалыптастырудың тәртібі қандай?


Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымын біріктіру жолымен қалыптасады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы исламдық қаржы компанияларын қоспағанда) болуы мүмкін.
Салымдар жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге жол берілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу сәтіне дейін құрылтайшылар жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25% кем емес, жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінен кем емес салымды енгізуі тиіс. Жалпы жиналыс шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салым мөлшерін енгізуі тиіс. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, жарғылық капитал 100 тенгеден төмен болмауы тиіс.