Заңды тұлғаны біріктіру мен қосудың айырмашылығы қандай?

Заңды тұлғаны біріктіру мен қосудың айырмашылығы қандай?


Заңды тұлғаны біріктіру мен қосудың айырмашылығы:
Екі немесе бірнеше заңды тұлғаларды біріктірген кезде жаңа заңды тұлға пайда болады. Жаңа заңды тұлға құрамына кірген заңды тұлға өз қызметін тоқтатып, өзінің мүлігін, құқықтары және міндеттерін жаңа заңды тұлғаға береді.
Бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың басқа заңды тұлғаға қосылуы нәтижесінде қосылған заңды тұлға өз қызметін тоқтатады, өзінің барлық мүлігін, құқықтары мен міндеттерін өзі қосылып отырған заңды тұлғаға береді.