Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үші

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?


Тіркеу туралы өтініш – 1 дана; (өтініш үлгісін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтынан жүктеп алуға болады: http://www.minjust.kz/ru/category/3/19);
Жарғы – мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 дана. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғы нотариалды куәландыруға жатпайды. (Егер Сіз қызметіңізді Үлгілік жарғыға сәйкес жүзеге асырсаңыз жарғы ұсынылмайды. Бұл жағдайда Сіз шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатыныңызға немесе табылмайтыныңызға тәуелсіз, үлгілік жарғыға сәйкес қызметті жүзеге асыру туралы өтінішті нөмерлеп және түптеп, үш данадан және нотариалды куәландырылған түрде ұсынасыз. Өтініш үлгісін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады).
ЖШС құрылтайшыларының және басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың СТН көшірмелері. Егер ЖШС құрылтайшысы өзге заңды тұлға болып табылса, онда тіркеу органына құрылтай құжаттарымен бірге Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі және статистикалық кәртішке, салық төлеушінің куәлігі табыс етiледi.
ЖШС тұрғылықты жерін растайтын құжат. Бұрын шағын кәсіпкерлік субъектісінің тұрғылықты жерін растайтын құжат талап етілмеді, қазір барлығы тапсырады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және өкілдіктер мен филиалдарды есептік тіркеу алымын бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе түбіртек.
Барлық құжаттар әділет органдарына ЖШС тұрғылықты жері бойынша беріледі ме? Егер Сізде ЖШС тіркеу бойынша сұрақтар туындаса, Сіз мына байланыс телефонына хабарласуыңызға болады 258-00-58 (Әділет министрлігінің кеңесі). Көрсетілген нөмерге Қазақстанның кез-келген аумағынан қоңырау шалуға болады. Немесе ЖШС тіркеу орны бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығынан кеңес алуға болады.