Шағын, орта кәсіпкерлік субъектілеріне кімдер жатады?
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады:
Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер;
Жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тиісті қаржы жылындағы айлық есептiк көрсеткiштің алпыс мың еселенген(60 000 - еселенген) мөлшерінен аспайтын жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Төмендегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды:
есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;
акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi;
лотереялар өткiзудi;
ойын бизнесі саласындағы қызметтi;
мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ өндiру, өңдеу және өткізу, электр және жылу энергиясын өткізу жөнiндегi қызметтi;
радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi;
банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа);
аудиторлық қызметтi;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi;
Орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады:
Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан асатын заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер;
Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан асатын, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тиісті қаржы жылындағы айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз жиырма бес мың еселенген (325 000 - еселенге) мөлшерінен аспайтын жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.