Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өті

Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін өз уақытында қарамағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?


Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін өз уақытында қарамауы – сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудыратын құқықбұзушылық («Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР заңының 12-бабы). Заңмен келесі шаралар белгіленген: лауазымын төмендету, мемлекеттік қызметiнен босату немесе заңдарда көзделген тәртiппен өзгедей тәртіптік жауапкершілік тағайындау.