Кітап ұрлау туралы не ойлайсыз?

Бұл қылмыс па?

Кітап дүкенінен алып кетсең, әрине, қылмыс. Ал кітапхана, біреудің үйінен алып кетсең, қылмыс деуге болмас. Бірақ, негізі, дұрыс емес
Меніңше, кітап ұрлау бұл үлкен МӘДЕНИЕТ!
ҰРЛАП КӨРМЕППІН ӘЛІ, КӨРУ КЕРЕК СИЯҚТЫ ШЕ ;)
ұрламадым
"Ұлы жазушыға жазу аз, ұрлай білу керек". Авторын ұмыттым. Мен кітапханадан амалсыз кітап ұрлағанмын. Өйткені жақсы кітап сатып алатын дүкен жоқ біздің қалада.
Кітап ұрлау үлкен мәдениет дегенге қосыламын негізі. Бірақ дұрысы ол өнер. Бұл күнә емес. Білім алу, кітап оқу - сауапты іс, надандықтан арылу, шайтанмен күресу ( мен үшін ұлы жиһад осы.)
"Асылбек Жаңбырбай" Кітап ұрлау үлкен мәдениет дегенге қосыламын. Бұл күнә емес. Білім алу, кітап оқу - сауапты іс, надандықтан арылу, шайтанмен күресу ( мен үшін ұлы жиһад осы.)


сауапты іс, надандықтан арылу, шайтанмен күресу үшін білім алуға қажет кітапты РҰҚСАТ сұрап алуға не кедергі? "Әлде кітап иесі күресе бере ме, надандықтан арылып болған шығар біздің де кезек келді" деп беттің арын белге буу керек пе? Мәдениет болса шығар, бірақ жеке басыма мұндай "мәдениетті" адамдар кездеспесе деймін, кітаптарым онсыз да аз...
РҰҚСАТ сұрап алуға не кедергі?

Ұрлық жас кезімде (15-20 жасымда, 8-10 жыл бұрын) болған. Ол уақытта студентпін. Хадисте “Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді.” дейді. Тағы бір хадисте "Қытайға барсаң да оқы" дейді. Бірақ оған мүмкіндік болмаса қайтесің енді? “Раббым! Білімімді арттыр!”, – де!” Таһа сүресі, 114 аят. РҰҚСАТ - АЛЛАДАН!
"Асылбек Жаңбырбай" Хадисте “Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді.” дейді. Тағы бір хадисте "Қытайға барсаң да оқы" дейді. Бірақ оған мүмкіндік болмаса қайтесің енді? “Раббым! Білімімді арттыр!”, – де!” Таһа сүресі, 114 аят. РҰҚСАТ - АЛЛАДАН!

Хадис пен Құраннан артық ақиқат та, дәлел де жоқ, білем... Рақмет! Ал енді Оның разылығы үшін тағы бір өтініш, ұрлық жайлы аят немесе хадис айтып беріңізші...