Еңбек қызметін қалай растауға болады?
Еңбек қызметін келесі құжаттардың бірімен растауға болады:
еңбек кітапшасы;
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама.